Мереке күні 60-қа жуық іс-шара өтті

Пятница, 08 Июль 2016 05:38 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3906 раз

Алаш жұрты Астана күнін атап өтті. Сарырқаның төрінде бой көтерген ару қалаға – 18 жыл. Бас қала бүгінде тәуелсіз Қазақстанның беткеұстар брендіне айналып үлгерді. Еліміздің жеткен жетістігін, ұлы мұратын бәрі жайқалып өсіп келе жатқан жас қаламен байланыстырады. Астана күнін атап өтуді байтақ еліміздің түкпір түкпірінен жиналған тұрғындар ғана емес, шетелдіктер де әдетке айналдырған. Өйткені, Астана күнімен астасқан біраз фестивальдар дәстүрлі шараға айналған.

82fd636feae22730890c297673fc88ef

Астанадағы «Хан шатыр» маңына жиналған қалың жұрт «Көшпенділер өркениеті фестивалін» тамашалады. Жас шаһардың бүгінгі әсем сәулетін қызықтап, «Этноауылға» соғып, ежелгі өркениетке куә болды.

«Астана аспаны» фестивалі де дәстүрлі шараға айналған. Оған қатысуға жылда Бразилия, Испания, Германиядан әуесқойлар мен кәсіпқойлар жиналады. Өйткені, Сарыарқаның самал желі батпырауық ұшыруға өте қолайлы. Осы жерде қонақтар кішкентай астаналықтарға, қызықтаушыларға бар білгендерін үйретіп, мастер-класс өткізеді. Қызық көруге, алуан түрлі батпырауығын алып артынып-тартынып, өз қаражатына шетелден 60 адам келген. 

photo 160467

Қазақтың қастерлі дәмі қымыз баптауға келгенде арқа жұрты алдына жан салмайды. Ол да Орталықтың бір ерекшелігі. «Қымызмұрындық» – Астана күні аясында жылда өтетін дәстүрлі фестиваль. Омбы, Қырғыз елі, Саха Якутиядан келген қымызшыл қауым өз рецептілерімен бөліседі. 

Астана күніне арналған мерекелік шаралар дәстүрге сай 6 шілде күні қас қарайған шақта отшашумен қорытындыланады.
Жалпы Астана күні мерекесіне 60-қа жуық іс –шаралар өткізу жоспарланған. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі бірегей шоу бағдарламалар, фестиваль, концерттер өткізу қарастырылған. Оның ішінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ақындар айтысы, қазақ эстрадасы жұлдыздарының концерті «Снежный король» мұзды шоуы тағы басқа шаралар мерекелік бағдарламаға енгізілген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Жүз Нұрсұлтан ән шырқады Алаштың ардақты ұлы »