«Анаға хат» жастарға жігер береді

Среда, 25 Январь 2017 06:04 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 7336 раз

Облыстық "Жастар ресурстық орталығында "Жастарға ой толғаймын" атты жоба аясында «Анаға хат» кездесу кеші өтті.

IMG 6431

Кеште «Анаға хат» балалар байқауы қорытындыланды. Жас ұрпақтың бойына анаға деген құрметті арттыру және талантты өрендерге қолдау көрсету мақсатында өткен шараның маңызы зор. Аудан-қалалардан қатысқан оқушылардың 10 шығармасы үздік деп танылды. 

Өнерлі жастардың басын қосқан шара жыр кешімен жалғасын тапты. Жазба ақындар өлең оқып, көрерменге жақсы әсер қалдырды. 

IMG 6435

-«Анаға хат» кешін тамашалап, үлкен әсер алдық. Шымыр шумақтар жанарға жас үйірді. Байқау әрі қарай жалғасын табады деп ойлаймын,-дейді облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев. 

Кеш соңында айтыс саңлағы Ақмарал Леубаева «Анаға хат» байқауының жүлдегерлерін марапаттады. Жеңімпаздар арасында Шымкент қаласы №7 мектептің 9 «ә» сынып оқушысы
Аружан Байболова, (жетекшісі Г. Нұрмаханқызы), №86 мектептің 10 «а» сынып оқушысы Әсел Сейілбек (жетекшісі З. Сәрсенбайқызы) бар.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.