«Достық» – бейбітшілік бесігі Избранное

Пятница, 17 Февраль 2017 05:43 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4812 раз

«Тәуелсіз Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені». Таяуда құрылған «Достық» клубының басты ұстанымдарының бірі осындай. «Достық» – ұлтаралық келісім мен студенттер достығының дәнекері.

dostyk kluby

Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде ашылған клубта қызықты кездесулер, кештер, байқаулар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, концерттік бағдарламалар мен фестивальдер өткізу жоспарланып отыр.

Аталған клуб жетекшісі Данияр Мұсабай: «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің студенттік жастар ұжымы да көпұлтты кішігірім халықтар ассамблеясы. Колледжде орыс, өзбек, түрік, қырғыз, болгар, пуштун, түркімен секілді 25 ұлт өкілдері білім алуда. Олар бір шаңырақ астында, бір атаның баласындай татулықты ту етіп, ауызбіршілікті арттырып келеді», – дейді. 

Жиында сөз алған ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов ынтымағы жарасқан елдің ғана табысы мол болатынын, мұндай клубтар алдағы уақытта облысымыздағы барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарында ашылатынын айтты.Мәжіліске қатысушылардың арасында ой қосқан облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак өңірімізде тұрақтылықты сақтау жолында игі істер молайып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ, аталған колледждің І курс студенті Виктор Ивко қазақ тілінде өзінің авторлық өлеңін оқыды.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.