×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Татулық пен тұрақтылық – басты құндылық Избранное

Среда, 03 Май 2017 05:17 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 7835 раз

Елдегі достық пен өзара түсіністіктің шынайы көрінісін ұлықтаған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Шымкент қаласында кеңінен аталып өтті.

Әл-Фараби алаңына жиналған көпшілік назарына «Бірлік. Ынтымақ. Достық» хореографиялық қойылымы ұсынылды. Сондай-ақ, бір сәтте 1000 күйші Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. «Мәңгілік ел» бейнесінде безендірілген көлік, «Алтын адам» кейпіндегі 20 салт аттының шеруі жергілікті тұрғындардың көңілінен шықты.

Мерекелік шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов, зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиында аймақ басшысы барша оңтүстікқазақстандықтарға ізгі лебізін жеткізді.

– Халқымызда «Бақ қайда барасың – ынтымаққа барамын» деген дана сөз бар. Елдік болмысымызға тән бұл ұғымды тәуелсіздіктің тұғырлы, мемлекеттің ғұмырлы болуына өзек еттік.

Бірлікті басты байлығымыз – Тәуелсіздіктің арқауы етіп айшықтадық. Елбасымыз ұсынған жол, жұрт болып жұмыла ұстанған саясат ширек ғасырда жемісті нәтижесін берді. Бүгінгі Қазақстан бірлігі бекем, тірлігі келіскен, ынтымағы жарасқан елге айналды. Жеткен жетістіктеріміз бен алған асуларымыз аз емес. Бүгін біз Ұлы даланың ұлағатымен Мәңгілік Ел құруға қадам бастық. Күн сайын құбылған замананың иіріміне төтеп беретін қуатты мемлекетті жасақтаудың қамына кірістік. Елеулі өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтып отыр. Жалпыұлттық жаңғыру саяси-экономикалық салалармен қатар, азаматтық санаға да серпіліс алып келмек, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Салтанатты жиында облыс әкімі елдегі этносаралық татулық пен қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға сүбелі үлес қосқан өңірдегі 18 этномәдени бірлестік өкілдеріне «Бауырмал» сыйлығын табыс етті.

Бүгінгі таңда өңірде 100-ден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бірлесе еңбек етіп келеді. 20 этномәдени орталық пен оның аудан, қалалардағы 51 филиалы арқылы әр этностың салт-дәстүріне, әдеп-ғұрпына, мәдениетіне байланысты түрлі іс-шараларды өткізуіне қолайлы мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар, этномәдени орталықтар жанынан ашылған 17 жастар қанаты мен 11 жексенбілік мектебі нәтижелі жұмыс істеуде.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, танымал эстрада әншілері қала тұрғындарына әсерлі кеш сыйлады. Шараға «КешYou» және «Орда» топтары қатысты.

 

Хасан БАЦИЕВ,
«Қоғамдық келісім» КММ-нің сарапшысы, облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы:

Ынтымақты сақтау – өркендеудің басты шарты

– 130-дан аса ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астында ұйытып отырған елімізде бірлік күнін атап өту жыл сайынғы дәстүрге айналған. Бұл мереке ел халқын татулық пен тұтастыққа, ынтымақ пен келісімге, бейбітшілік пен бірлікке үндейді. Мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі де осы – ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бұл күн ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Последнее изменение Среда, 03 Май 2017 05:32