Мәдениет қызметкерлері марапатталды

Пятница, 02 Июнь 2017 09:00 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4706 раз

Шымкент қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Мәдени қызмет – мерейлі міндет» атты мәдени іс-шарасы өтті.

madeniet-kyzmetkerleri-marapattaldy-43

Шара барысында еліміздің мәдениет және руханият саласына еңбегі сіңген бір топ өнер және әдебиет қайраткерлеріне облыс әкімінің арнайы сыйлығы табыс етілді.
Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының қолынан сыйлық алғандардың қатарында жазушы Әдіхан Шілтерханов, ақын-сазгер, драматург Исраил Сапарбай, әнші Ақжол Мейірбеков, Нұрлан Өнербаев, Алтынай Жорабаева сынды өнер қайраткерлері бар.
– Облыстағы кәсіби театрлардың саны 8-ге жетіп, онда жыл сайын 40-тан астам жаңа спектакль сахналанып келеді. Осының өзі Оңтүстік жұртшылығының шынайы өнерге деген ықылас-пейілін танытса керек. Жыл сайын облыс орталығында «Театр көктемі» фестивалі өткізіледі. Баршаңызға мәдениет пен өнерге қызмет ету жолында зор денсаулық, шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілеймін, – деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
Салтанатты шара барысында өңіріміздің 8 өнерпазына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері мен облыс әкімінің грамоталары табысталды. Сондай-ақ «Түркістан 2017 жыл – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы мен түркі әлемінің «Наурызнама» мерекесін ұйымдастыруға атсалысқан шығармашылық ұжымдарға облыс әкімінің атынан алғыс хаттар берілді. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Последнее изменение Пятница, 02 Июнь 2017 09:31
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.