«Қазына» Түркияда топ жарды

Среда, 19 Июль 2017 04:49 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3034 раз

Түркияның Бурса қаласында өткен ХХХІ Халықаралық «Алтын Қаракөз» фольклорлық би байқауында оңтүстікқазақстандық «Қазына» би ансамблі бірінші орынды иеленді.

kazyna-turkiada-56

Байқауға Қазақстанмен қатар, әлемнің 21 елінен би ұжымдары қатысып, өз ептіліктері мен мықтылықтарын танытты. Би қимылымен тілсіз өнер байлығын паш еткен әр елдің дарабоз бишілері ішінен көшбасшы орынды қазақстандық «Қазына» би ансамбліне берсе, екінші орынға Молдова мемлекетінің өнерпаздары лайық деп танылып, «Күміс Қаракөз» жүлдесі бұйырды. Ал «Қола Қаракөз» аталымына Грузияның би ұжымы ие болды.
Айта кетерлігі, дүбірлі доданың тарихында Қазақстан бишілері алғаш рет жүлделі орыннан көрініп отыр. Өнер ұжымына облыс әкімдігі мен Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қолдау білдірген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « «О дүниенің қонағы» Көк тудың желбірегені... »