Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтуде

Вторник, 29 Август 2017 09:40 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2719 раз
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері (29 тамыз бен 3 қыркүйек күндері) басталды. Онда облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шарасы елордалықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті.

77788111

Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков пен бірге жауапты басқарма басшылары қатысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдениет күндеріне арналған шаралар жайын баяндады. Аймақ басшысының орынбасары бес күнге созылатын Оңтүстік күндері аясында өтетін іс-шараларға барша астаналықтар мен қонақтарды шақырды. «Оңтүстік күндерінің алғашқы шарасы шетел мемлекеттерінің Қазақстандағы 30-дан астам елшілері қатысатын бизнес-форуммен ашылды.
121150294 1829031434093795 7537971258028679000 n
 
 
Ал осы аралықта оңтүстікқазақстандық өнер майталмандары «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» өнер керуені, «Сәлем, Астана!, Сәлем, ЭКСПО!», «Оңтүстік әзілдері» шоу-концерттерін ұсынса, өңіріміздің тарихи құндылығы мен ерекше мәдени келбетін дәріптейтін көрнекті жәдігерлердің көрмесі мен тарихтан сыр шертетін суретшілер мен қолөнершілер бұйымдарының көрмелері өткізіледі.
20992802 1829031470760458 3609937501996539711 n
Бұдан бөлек, астаналықтар «Бәйтерек» алаңында бір мезетте 600 жас домбырашының орындауындағы күйді тамашалай алады», – деді әкім орынбасары.
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.