Версия для печати

Қажымұқанның Мінәйімге тарту еткен сыйы

Понедельник, 08 Январь 2018 11:46 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4240 раз
Оцените материал
(0 голосов)
GMGHMGHMGHТемірландағы Қажымұқан музейінің ең құнды, бірегей жәдігерлерінің бірі - Қажымұқан жұбайы Мінәйімге сыйлыққа әкеліп берген күмістен жасалған  лағыл тасты  әшекейлермен көмкерілген белдік. Атақты Қажымұқан палуанның 1945 жылғы Семейдегі ұлы Абайдың 100 жылдық мерейтойына барғандағы Қоянды жәрмеңкесінде жұбайы Мінәйімға базарлық ретінде арнайы сатып алып, әкелген зерлі күміс белдігі музей экспозициясын тамашалаған әрбір қыз-келіншектің арманы екені сөзсіз.Бұл белдіктің негізі бір-біріне жапсарластырылған бірден жетіге дейін нөмерленген әшекейлі бөліктері бар. Сондай-ақ көрнектілігі таза күмістен бедерленген беттеріне қызыл көзді тастан әшекейлер жапсырылған.  
 
Қажымұқан палуанның үшінші әйелі Мінәйім апамыз 1978 жылы дүниеден өткен. Мінәйім апамыздың отбасында алты ағайынды болған. Өмірден өтерінің алдында күш атасының жұбайы төсек тартып жатады. Сол кезде Шәуілдірде тұрған Жаңыл есімді сіңлісі өзінің ұлы Сауынбаймен бірге апасының көңілін сұрай келген. Осы келгенде Мінәйім апа өзінің сіңлісі Жаңылға мына белдікті маған палуан жездең сыйға берген еді, енді осыны сен ал жездеңнің және менің көзімдей көріп жүр деп әшекейлі күміс белдікті береді. Жаңыл апамыз белбеуді көзінің қарашығындай сақтап ұстады және үнемі өз ұрпақтарына апатайы мен жездесінен қалған естелік белгі деп тарихын айтып отыратын-ды. Ол кісі 1994 жылы қайтыс болады. Жаңыл апамыздың ұлы Сауынбай Мамасеріков 2002 жылдың наурыз айында музей қорына өткізеді. Сол кезден бері Қажымұқаннан қалған мұралар қорын толықтыра түсіп,  көрермен көзайымына айналған жәдігерлік әшекейдің шертер сыры осылай.
 
Г. ӘШІРБАЕВА,
Қажымұқан музейінің ғылыми қызметкері  
Последнее изменение Понедельник, 08 Январь 2018 12:00
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.