«Шымкентті ұмытпаймын!» Избранное

Пятница, 25 Май 2018 05:12 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 79 раз

«Айка» фильмі Қазақстанда күзде көрсетіледі

Шымқалаға келген кинорежиссер Сергей Дворцевой өз сөзін осылай бастады. Режиссердің қазақстандық Самал Еслямова басты рөлді сомдаған «Айка» киносы Канны кинофестивалінде ең үздік әйел образы үшін Гран-при жеңіп алған болатын.

«Айка» фильмі дайындық кезінде басты рөлге кімді шақыратыным сөзсіз белгілі еді. Бұл рөлді Самалдан басқа ешкім ойнай алмас еді.

DSC 9287

 

«Айка» - режиссердің екінші көркем туындысы. Сергей Дворцевойдың Оңтүстік өңірінде түсірген алғашқы «Тюльпан» фильмі 2008 жылы дәл осы Канны кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» аталымында басты жүлдеге ие болған еді. Бір қызығы, дәл сол туынды да
Самал сомдады.
«Айка» киносында алты жыл бойы түсірілген. Туындыға 2,5 млн евро жұмсалғанын айтқан режиссер, дегенмен, коммерциялық кино түсірмейтінін жеткізді.
- Менің туындыларым – өмір туралы. Кинолардағы басты түйін өз көрерменін ойландырып, толғандырса – менің мақсатым орындалғаны. Осыдан 10 жыл бұрын Самалмен бірге жұмыс істеген едік. Бұл жолы да «Айка» фильміне дайындық кезінде басты рөлге кімді шақыратыным сөзсіз белгілі болды. Бұл рөлді Самалдан басқа ешкім ойнай алмас еді, - дейді Сергей Дворцевой Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында.
Шымкентте туып-өскен режиссер біздің қалада анасы тұрып жатқанын, туған қаласына жиі келіп, шығармашылық шабыт алып кететінін жеткізді. Бір қызығы авиарежиссер болып жұмыс істеп жүрген жас Сергей 1990 жылы газеттегі хабарландыруды көріп, режиссура бөліміне тыңдарман қабылданып жатқанын көрген. Міне, кино әлеміндегі жолы осылайша басталған. Ал оны «Тюльпан» және «Айка» фильмдері қазақстандық көрермен назарына осы күзде ұсынылады деп күтілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.