Версия для печати

Астана төрінде – Түркістан өнерпаздары Избранное

Пятница, 22 Июнь 2018 04:59 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3246 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Астана қаласында Түркістан облысының «Ән мен күй әлдилейді Астананы» атты үш күндік мәдени күндері өтті.

Көрме 2

Ауқымды іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Оңтүстік күндері Елордадағы «Оқушылар» сарайында «Кино – руханияттың көзі» жобасымен Оңтүстікте түсірілген анимациялық және көркем фильмдер көрсетілімінен басталды. Тарихи-танымдық, балалар мен жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелейтін «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» атты телехикая астаналық балғындардың назарына үш күн бойы ұсынылды. Бұл туындыларды Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен өңірдегі «САҚ» киностудиясы түсірген.
Бұдан кейін күнгейдің қолөнер және қылқалам шеберлерінің кешенді көрмесі өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылған жұмыстарының бір жылдық қорытынды көрмесіне 500-ге жуық жұмыс қойылып, Астана жұртшылығына таныстырылды.
Астанаға тарту ретінде жасалған көрме 11 экспозициялық бөліктен құралған. Ондағы «Ұлттық киімдер» көрмесі Бейісбековтер отбасы мен Есімбекова Гүлназияның ұлттық сәндік киімдері мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы ұлттық киімдерінен құралса, сондай-ақ, Оңтүстіктің әсем табиғаты мен тұрмыс-тіршілігі, көрікті жерлерінің суреттері, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша қасиетті, киелі жерлердің тізіміне Оңтүстіктен енгізілген тарихи-мәдени нысандардың фотосуреттері қойылды.
«Суретшілер, қолөнер шеберлерінің туындылары» бөлімі облыстық бейнелеу өнері музейі қызметкерлерінің бағдарлама аясында жинаған құнды жәдігерлері мен суретшілердің шығармашылық жұмыстары, қолөнершілердің көркем өнер бұйымдарынан құралса, «Оңтүстіктің ақын-жазушыларының кітап көрмесі» облыстан шыққан, елімізге белгілі ақын-жазушылардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шыққан кітаптары мен облыстың табиғаты, өлке тарихына арналған кітаптары мен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына Оңтүстіктен енгізілген азаматтардың фотосуреттері мен өмірбаяндарымен толықтырылған.
Үш күндік мәдени шараның соңында Елорда төрінде Түркістан облысы өнерпаздарының «Асқақтай бер, Астана!» атты гала-концерті өтті. Тұран елі өнерпаздарының өнерін тамашалауға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Концертке облыстан шыққан эстрада жұлдызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева және ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Мәдениет қайраткерлері Үрәлхан Сейілбекова, Марат Оразметов пен ҚР еңбек сіңірген әртісі Сәбираш Әбдірайымова және Халықаралық байқаулардың лауреаттары Карина Нажмеддинова, Мөлдір Исаева, Жадыра Абдуллаева, Нұрқанат Тапиев, Аян Төлеген, Нематилло Закруллаев, Бекзат Тұрғынбек, Ақмарал Биназарова сынды сахна саңлақтарымен қатар «Тұмар» фольклорлық ансамблі және «Қазына», «Шамсинур», «Фараб» би топтары қатысты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.