Тілшілеріміз марапатталды Избранное

Понедельник, 02 Июль 2018 10:33 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 198 раз

Жылдағы дәстүрге сай, Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтті. Төле би ауданындағы «Изуми Тау» демалыс аймағында журналистер қауымының еңбегі еленіп, марапаттар тапсырылды. Бірқатар марапатты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тапсырды.

1

Шымкент қаласының бас басылымы – «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің басшылығы мен тілшілері де қуанышқа кенеліп отырған жайы бар. Газетіміздің басшысы Айгүл Жарылқасынқызы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл салтанатты кеште «Шымкент келбеті» газетінің тілшілері де марапатталды. Ақмарал Әшірова облыс әкімінің Алғыс хатын, Тағабай Қасымов "Шымкент келбеті" газетінің негізін қалаған Жұмамұрат Тұяқбаев атындағы сыйлықтың иегері атанды. Сондай-ақ, «Панорама Шымкента» газетінің жауапты хатшысы Әсел Хамзина ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің Алғыс хатына ие болды.

4

Мерекелік кеш Шымкент қаласында жалғасты. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жыл журналисі – 2018» салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік кешке Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бастаған қала әкімдігінің қызметкерлері, қалалық мәслихат депуттаттары, ардагер журналистер мен Шымкенттегі БАҚ жетекшілері, журналистер қатысты.
Алғаш болып сөз алған Ғабидолла Рахметоллаұлы тілшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Туған қаламыздың өркендеуіне бірге атсалысуға шақырды.
Бұл күні түрлі БАҚ өкілдері бірқатар номинация бойынша марапатталды. Кәсіби мерекесінде «Шымкент келбеті – Панорама Шымкента» газеттерінің өкілдері де бар.

2

Басылымның бас редакторы Айгүл Жарылқасынқызы «Журналистер арасындағы ең үздік спорттық жоба» номинациясымен марапатталды. Қазақстан Журналистері Одағының облыстық филиалының төрайымы осынау арнайы номинациямен жыл сайынғы БАҚ өкілдері арасындағы дәстүрлі спартакиаданы ұйымдастырудағы еңбегі үшін марапатталып отыр.

3

Бұған қоса газетіміздің бас редакторының орынбасары Нұрлан Бектаев «Жыл журналисі – 2018» аталымына ие болды.
Жүлделеріңіз құтты болсын!

Последнее изменение Четверг, 05 Июль 2018 08:54
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « «Бір белдеу, бір жол» Домбыра – асыл мұра »