Үлгілі отбасылар сайысқа түсті Избранное

Пятница, 21 Сентябрь 2018 04:50 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3978 раз

Шымқалада дәстүрге айналған «Үлгілі отбасы» байқауы биыл да жалғасын тапты. Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара үшінші рет өз дәрежесінде өтті.

 DSC9965

Байқауда 6 отбасы өз өнерлерін көрсетті. Сайысқа қатысушылар шашбау тағу, тұсаукесер, беташар сынды дәстүрлерімізді жаңғыртып, салт-дәстүрлер бойынша қойылған сауалдарға жауап берді. Отбасы мүшелері сайыстың шарты бойынша өнерлерін ортаға салып, халықтың қошеметіне ие болды. Ал осы әулеттердің қыз-келіншектері өздері дайындап келген тәттілері мен тағамдарын ұсынды. Балғындар жаттау айтып, отбасылық сайыстың көркін қыздырды.
Тартысты бәсекеде топ жарып шыққан Батырбаевтар (Әл-Фараби) әулеті жеңіске жетіп, 200 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Анарметовтар (Қаратау) отбасы екінші (150 мың), Коляровтар (Қаратау) мен Есаливтер (Еңбекші) үшінші орынды иеленді. Үштікті қорытындылаған жанұяларға 100 мың теңгенің сертификаты табысталды. Бакировтер мен Досымбековтер ынталандыру сыйлығымен (10 мың) мараптталды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өткізілген шараға қалалық ардагерлер кеңесі мен Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы мұрындық болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.