Версия для печати

Жастар үлкендерден өнеге алады Избранное

Пятница, 21 Сентябрь 2018 04:58 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4233 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елбасының «Болащаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен келешек ұрпақтың бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына өз септігін тигізіп отырған «SARSENBILIK SATTI SUHBAT» жобасының кезекті басқосуы болып өтті.

90

Өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастармен салмақты сұхбат құруға Шымкент қалалық мәслихатының депутаты– Ермек Дәрменов, №1 аналар үйінің басшысы – Қалдар Төнтекова, №2 аналар үйінің басшысы – Ұлболсын Жәңгірханова, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің директоры – Гүлмира Тағаева салиқалы әңгіме өрбітті.
Сұхбат барысында қонақтар жеке өмірі, кәсібі, жетістікке жетудің формулалары жайлы әңгімелеп, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, рухани жаңғыру, салт-дәстүр, отбасылық құндылық, бала тәрбиесі жайлы да сөз қозғалды.
Жиын соңында « Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» студенттерінің қолынан шыққан дизайнерлік өнер туындыларының таныстырылымы болды.

Камила БҰҒЫБАЕВА,
ОҚМПУ-дің филология
факультетінің 2 курс студенті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.