Отбасы өнегесі – Отанның өнегесі Избранное

Пятница, 28 Сентябрь 2018 04:45 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 249 раз

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарлмасы аясында «Туған жердің тұлғасы» жобасы бойынша Ерлік музейінде Сайрам ауданының Құрметті азаматы, еңбек жолын токарь қызметінен бастаған –еңбек ардагері Әзімхан қажы Қуанышбековке арналған «Отбасы өнегесі – отанның өнегесі» тақырыбында сырласу кеші өтті.

Ерлік мұражай фото

Сайрам ауданында туып, сұрапыл соғыс кезінде тылда майданмен үндесе еңбек еткен, тыл ардагері ақсақал, Әзімхан қажы бүгінде ел арасында үлкен құрметке ие. Сырласу кеші ардагердің 90-ға жуық жәдігерлерінен жасақталған көрмені тамашалаудан басталды.
Іс-шараны қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И. Рысбеков ашып беріп,
Ә. Қуанышбековтың өмірі жайлы айтылып, атқарған еңбегі жастарға кеңінен насихатталды. Басқосуға еңбек ардагерлері, сарбаздар, жастар қатысып, тағылымы мол көріністер көрсетілді. Ардагер басып өткен жолдары жайында келелі әңгімелер қозғалып, жастар патриоттық әндер орындады.