Қуыршақтармен өткен қызық шақтар Избранное

Среда, 03 Октябрь 2018 04:54 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 484 раз

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры өнер ордасының 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойларында театр әртістері көрермендерге «Бізге – 35 жыл» атты мерекелік музыкалық кеш сыйлады.

028

Кеш барысында әртістер қуыршақтар арқылы театр тарихынан сыр шертетін, әр жылдары қойылған қойылымдардың кейіпкерлерін, режиссерлары мен суретшілердің есімдерін атап, өткен тарихына шолу жасап, 35 жылдық тарихында сахналанған қойылымдардан көңілді көріністер көрсеті. Концерттік бағдарламада театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Антонина Малюченконың «Сказка о любви», «Птица счастья», белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіровтың «Қожа мен спорт» т.б. қойылымдарынан үзінділер көрсетіліп, қуыршақтардың түрлері ұсынылды.
Салтанатты іс-шараны театр директоры Бахтияр Әбілұлы өз құттықтауымен ашып берді. Мұнан соң Түркістан облыстық салалық мәдениет, спорт қызметкерлерінің кәсіподағы филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетұлы өнер ұжымын мерейтойымен құттықтай отырып, театр директоры Б.Әбілұлын «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы атына режиссер Мақпал Малдыбаева мен актриса Ақбөпе Тултаеваға Алғыс хат табысталды. Облыстық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен» труппа меңгерушісі Ғ.Нарымбетова, облыстық «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен актриса Е. Юрьева және цех меңгерушісі З.Грибова, облыстық салалық мәдениет, спорт қызметкерлерінің кәсіподағының Алғыс хатымен тігін цехының меңгерушісі У.Эгамсапарова, дыбыс режиссері Ү.Алтаев марапатталды.
Сонымен қатар Ұ.Тәшібекқызы мен дыбыс режиссері Ж. Абдихадиров Қазақстан театр қайраткерлері одағының Шымкент қалалық филиалының Алғыс хатына ие болды.
Мерейтойлық кеште Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театры, Сатира және әзіл-сықақ театры және қалалық орыс дарама театры мен қалалық өзбек драма театры өз өнерлерін көрсетті.

Театр жетістігі

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры 1983 жылы құрылды. Қазақ сахна өнерінде өзіндік тарихы қалыптасқан театрлардың бірі. Репертуарында 150-ге жуық қойылым бар.
2014 жылдың қорытындысы бойынша театр ұжымы «Жылдың ең үздік мәдениет және өнер мекемесі» атанды.
2015 жылы ҚР орташа кәсіпорындары арасындағы үздік үштікке еніп, республикада үздік үшінші театр атанды, «Сала үздігі - 2015» ұлттық сертификатымен марапатталды.
2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Театр көктемі – 2018» облыстық театр фестиваліне А.Малюченконың «Птица счастья» қойылымымен қатысып, «Актерлік ансамбльдік тұтастық» номинациясын жеңіп алды, ал актриса Людмила Лушина «Екінші пландағы үздік әйел ролі» номинациясының иегері атанды.

А.САПАРБЕКОВ,
театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.