«Севильдік шаштараз» шымкенттіктердің көңілінен шықты

Среда, 09 Январь 2019 06:10 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 122 раз

Шымкенттегі опера және балет театры мереке күндері көрермендерге Дж. Россинидің 2 актілі «Севильдік шаштараз» операсының премьерасын тарту етті.

DSC 6201

Операның либреттосын француз драматургы Пьер Бомаршенің комедиясының негізінде 1773 жылы Чезеро Стребини жазған.
«Севильдік шаштараз» операсының оқиғасы XVIII ғасырдағы Севильяда өрбиді.
Қойылымның желісі бойынша бас кейіпкер граф Альмавива Розианаға ғашық болады. Граф жас қыздың таза, риясыз махаббатын жаулап алу үшін қарапайым адамша киініп, өзінің дворяндық биік лауазымын жасырады.
Альмавиваның бұл әрекетінен пайда жоқ еді. Себебі, Бартоло есімді азамат қызға үйленіп, Розиананың әкесінен қалған мүлігіне ие болу үшін оны қамауда ұстайды. Бартолоның мұндай пиғылына Розианаға музыка пәнінен сабақ беретін, егде жастағы музыкант Базилио көмектеседі. Қызға қамқоршысына тұрмысқа шығуына үгіттеп, өзі де Бартоло уәде еткен ақшадан дәмелі.
Сүйіктісінен айырылу үстінде тұрған граф Фигароны кездестіреді. Фигаро әдебиет саласында белгілі тұлға болғандықтан, ветеринарлық жұмысын тастап кеткен. Ал шығармашылық ортасындағы жоғары бәсекелестікке бола Фигаро шаштараздықты үйреніп, ел кезуіне тура келді. Оның ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында граф Альмавива сүйіктісі Розианаға үйленеді.
«Севилдік шаштараз» - бұл дәстүрлі италиялық операға тән кейіпкерлер тапқырлығымен, шебер вокалдық партиялар және тың сюжеттік айналымдарымен баурап алатын комедиялық опера. Ал музыкалық сүйемелдеуі әсемдікке, жалындыққа толы. Қойылымның әлеуметтік мәні терең, жалған әрекет пен екіжүзділікті әжуалайды. Қойылымға Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Искендр Сартбаев режиссерлік еткен, дирижеры – Қ.Исмаилов. Шығармашылық ұжым қойылымда көрермендерге XVIII ғасырдағы Италияның атмосферасын сыйласа, граф Альмавиваны - Жан Тапин, Фигароны - Марат Оразметов, Бортолоны – Алексей Скибин, Розиананы - Айгүл Азатова, Маргарита Кин, Базилионы Айбек Қанатбек сомдап шықты.
Жалпы, театр ұжымының бұл тартуы көптің көңілінен шығып, бейне Италияға саяхатқа жасатқандай болды. Театрдың 24 жастағы солисті Айбек Қанатбектің айтуынша, қойылымдағы 64 жастағы Базилионың рөлін сомдау оңайға түспеген. Дегенмен, бұған дейін «Біржан – Сара» операсында Жанботаның, «Сельская честь» операсында Альфионың, «Паяцы» операсында Сильвионың рөлін сомдап жүргенінің көмегі тиіп, бар шеберлігін көрсеткенін айтады.

Другие материалы в этой категории: « 2019 жылдың сәні Ғасырдан жеткен жеті құт »