Жазушы оқырман жадында Избранное

Среда, 20 Февраль 2019 04:24 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1403 раз

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана оқырмандары арасында жазушы, драматург С.Жүнісовтің 85 жылдығына орай «Сан қырлы талант иесі Сәкен сері» атты жиын өтті.

Зағиптар кітапханасы 1

Сәкен Жүнісов – әдебиетші, жазушы, ақын, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері. Оның шығармаларында туған жерге деген махаббаты тамаша бейнеленген. Сәкен Жүнісов жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты.

«Жапандағы жалғыз үй», «Заманай мен Аманай» романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. Туындыларда туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілік керемет суреттелген. Балалардың бойындағы патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады, дейді оқырмандары.

С.Жүнісовтің қаламынан туған таңдаулы шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алған құнды дүниелер. Ол өз замандастары арасында ауқымды шығармашылық қарымымен де, біртуар азаматтық болмысымен де ерекшеленетін.

Іс-шара соңында «Сан қырлы талант иесі Сәкен сері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар жазушының кітаптарымен танысты.

Баннер

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Танат Алибеков. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.