Версия для печати

Шойбек Орынбай – Жазушылар Одағы Шымкент филиалының төрағасы

Среда, 27 Февраль 2019 04:20 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 9791 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мегаполис статусын алған Шымкент қаласында Жазушылар Одағының филиалы құрылды. Қазақстан Жазушылар Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы қызметіне белгілі жазушы Шойбек Орынбай тағайындалды.

Шойбек

Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында өңірдегі қаламгерлер бас қосқан жиынға ҚР Жазушылар одағының төрағасы, айтулы ақын Ұлықбек Есдәулет қатысып, қаламгерлердің ұсынысымен тағайындалған жазушылардың мегаполис қаладағы тұңғыш басшысының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Шойбек Орынбай Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Сарыағаш аудандық «Қызыл ту» газетінде редактордың орынбасары, «Көкшетау», «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеттерінде, облыстық әкімдікте жауапты қызметтер атқарған.

Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, бірнеше тәуелсіз газеттердің бас редакторы, «Ғасыр-Ш» ЖШС-нің директоры болып абыройлы еңбек етті.

1986 жылы «Жалын» журналы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің бірігіп жариялаған жабық бәйгесінде «Қателік» деген шытырман хикаяты үшінші орынды, 1995 жылы «Жалын» баспасының детектив шығармаларға жариялаған дәстүрлі бәйгесінде «Әміршінің әлегі» атты повесі бас жүлдені иеленген.

Алғашқы туындылары «Арман қанатында», «Сарыағаш саздары», «Шырғалаң» ұжымдық жинақтарына енген. «Өмір деген осындай», «Тозаңды терезе», «Сыңарқұлақ», «Әміршінің әлегі», тағы басқа повестердің, «Түрмеге түспейтіндер» детектив романының, «Қайғы заман немесе Төле би тағдыры» роман-дилогиясының авторы.

Ол Қарауылбек Қазиев атындағы, Кемел Тоқаев атындағы әдеби сыйлықтардың , Құрмет» орденінің, бірнеше медальдардың иегері. «Жылдың үздік жазушысы» атағын иеленді. Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.