Қалалықтар кастинге қатысты

Среда, 13 Март 2019 04:24 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1240 раз

Наурыз айының басында Шымкентте тарихи «Қасым хан» сериалына кастинг өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жергілікті тұрғындар қатысқан кастингке келгендердің жартысынан көбісін қыз-келіншектер құрады.

диана орынбаева

– Сериалды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіруде, - дейді кастинг-супервайзер Рәбиға Әбілпаттам. – Кастинг Қазақстанның барлық өңірінде өтуде.

Біз басты және эпизодтағы рөлдерге актерларды іздестіреміз. «Қазақфильм» картотекасында, әрине, кәсіпқой актерлардың мәліметтері бар, дегенмен, оны жаңалау қажет. Біз жаңа тұлғаларды ашқымыз келеді. Шымкентте бұған мүмкіндік мол.

Кастингтің келесі кезеңіне кімдер өтетінін режиссерлар мен продюсер шешеді. Іріктелген үміткерлер көптеген талап бойынша сыннан өтеді. Соның бірі – қазақ тілін жақсы білуі тиіс.

Жобаның жетекшісі – түрік режиссеры Метин Гюнай. Сценарийді қазақ және түрік драматургтары жазуда. Ал түсірілім биылғы жазда басталып, негізінен Алматы облысында өтеді. Алғашқы маусымда 25 серия болады деп жоспарлануда. Туынды 2020 жылға қарай Қазақстан телеарналарында көрсетілуі мүмкін.

Айта кетейік, Шымкенттегі кастинг аяқталғанымен, оған қашықтықтан да қатысуға болады. Ол үшін өзіңіз туралы мәліметтерді, фотосуреттер мен байланыс нөміріңізді Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберуге болады.

А.СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.