Әуесқой режиссерлер сынға түсті

Среда, 13 Март 2019 04:32 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4559 раз

Шымкент қаласында «Кино АРТ–2019» әуесқой кинорежиссерлер фестивалі өтті. Сайысқа еліміздің әр өңірінен келген 10 үміткер қатысып, ата-ана, патриотизм, махаббат, бауырлар қатынасы және өзге тақырыптарды қамтитын туындыларын ұсынды.

DSC 3787

Әуесқой кинорежиссерлер фестивалі өңірімізде 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Мұндай сайыс – кино өнеріне қызыққан дарынды жас өнерпаздарға берілген мүмкіндік.

– Өңірімізде арнайы кино өнерінен білім беретін жоғары оқу орны болмағандықтан, осы бағыт бойынша білім іздеп жүрген жастардың саны көп. Өзге қалаларға барып, арнайы білім алып, біліктілігін арттыруға кез келген жастың мүмкіндігі бола бермейді.

Сондықтан күнгей өмірі жастарының режиссерлік қабілетін шыңдау үшін осындай фестивалдер қажет. Өз еңбегін ұсыну арқылы жастар өз замандастарымен сынға түсіп, өзін бағалай алады, – дейді жоба авторы Еркебұлан Жолдасов.

Әділқазылардың қорытындысы бойынша байқауда бас жүлдені «Әке» қысқаметражді фильмін ұсынған шымкенттік режиссер Бақытжан Көшеров иеленсе, ІІ орынға «Интихар» фильмінің режиссері,Алматы қаласынан келген Ербол Нұрболұлын лайық деп табылды. «Отау» фильмінің режиссері, алматылық Әлишер Жәдігеров ІІІ орынды қанжығалады.

Последнее изменение Среда, 13 Март 2019 04:42