"Ұлы дала хикаялары" заманауи өнер көрмесі 1 мамырға дейін жалғасады

Среда, 17 Апрель 2019 05:10 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1729 раз

Үшінші мегаполисте өтіп жатқан «Ұлы дала хикаялары» атты заманауи өнер туындыларының жылжымалы көрмесін 10 мыңға жуық көрермен тамашалап үлгерген.

57277803 2201928436786777 7256005255526088704 n

Бейнелеу өнері мұражайында еліміз бен шетелдерге белгілі Саид Атабеков, Смаил Баялиев, Сәуле Дүйсенбина, Виталий Симаков, Әлібай Бапанов, Рашид Нүрекеев, Молдағұл Нарымбетов, Алмагүл Меңлібаева сынды суретшілердің 100-ден астам туындысы көрермен назарына ұсынылып отыр.

Бұдан бөлек,көрмеде дәстүрлі скульптура, көркем сурет, графика, сәулет қол өнер техникалары, сондай-ақ, инсталляция, преформанс, бейне және медиа-арт жанрларындағы дүниелер мен түрлі техникаларда орындалған еңбектер топтастырылған.

– Бұл көрме тарих пен қазіргі заманды салыстырып көрсетеді. Ерекшелігі суретшілер өз ойларын инсталляция,перфоманс, видео-фото арт бағыттарымен беріп отыр, –дейді Бейнелеу музейінің экскурсия жүргізушісі Шамшат Тұрлыбекова.

Төрт экспозиция залына жасақталған өнер иелерінің шығармаларына Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары арқау болған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үшінші мегаполистен бастау алған жылжымалы көрме мамыр айында тараздық өнерсүйер қауымға жол тартпақ. Осылайша еліміздің барлық өңірін аралап, заманауи суретшілердің өнерін таныстырмақ.