Версия для печати

16 жасар Ясмин халықаралық сұлулық байқауына қатысады

Среда, 08 Май 2019 04:22 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4057 раз
Оцените материал
(0 голосов)

16 жасар оқушы «Face of Shymkent» сұлулық байқауында жеңіске жетті. Шымкентте алғаш рет өткен байқауда 200-ден астам қыздың арасында топ жарып шыққан 16 мен 25 жас аралығындағы 16 сұлу бақ сынады.

59651960 2512905732052757 6179681374497144832 n

Қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған арулар сайысы 4 кезеңмен өтті. Біріңғай киім үлгісінде шыққан қыздар алдымен өздерін таныстырса, зияткерлік сайысында еліміздің тарихы, ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып тақырыптарындағы сұрақтарға жауап берді.

Арулар, сондай-ақ, шығармашылықтарын да ортаға салды – ән шырқап, мың бұрала би биледі, актерлік шеберліктерін көрсетті. Соңғы сында шымкенттік бойжеткендер отандық дизайнер Әсел Абдикулованың киім топтамасын дефиледе ұсынды.

Сайыс қорытындысы бойынша «Көрермен көзайымы» номинациясымен Құралай Сейдалы марапатталды. Үшінші орынды Зарина Лесбек иеленіп, 100 мың теңге қаржылай сыйлық табысталды. Екінші орын және 200 мың теңге Наргиз Бақытжановаға бұйырды.

300 мың теңгелік сертификатқа ие болған Арай Муслим бірінші орыннан көрінса, «Face of Shymkent» байқауының жеңімпазы – 16 жасар оқушы Ясмин Наркулова 500 мың теңгеге қол жеткізді. Сондай-ақ, бас жүлде иегеріне халықаралық «Asia Model Festival» байқауына жолдама берілді.

«Face of Shymkent» байқауының өзге байқаулардан айырмашылығы, мұнда қатысушылардың өнеріне басымдық берілді. Яғни, қыздардың шығармашылық қабілеттері, ұлттық салт-дәстүрді жетік меңгеруі мен біліміне ерекше назар аударылды.

Әділқазылар арасында «Оңтүстік аруы – 1989» сұлулық байқауының алғашқы жеңімпазы Ардақ Өмірбаева, «Makeup Shymkent» сұлулық салонының негізін қалаушы және директоры Аида Абдраимова, «Sulu Models» модельдік агенттігінің директоры Ақжамал Абильдаева, Орта Азия аймағындағы Asia Model Festival ресми өкілі, Face of Central Asia байқауының бас ұйымдастырушы Хара Кан болды.