Ғасырдан дерек берген қобдиша Избранное

Среда, 14 Август 2019 05:13 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4440 раз

Бұл күндерге дейін Баба түкті Шашты Әзіз бабаның кесенесі жайлы ешкім ашып жазбаған. Ол жайлы ешқандай дерек те болмаған. Ескі құлақтан, әйтеуір, екі рет қайта қаланғаны жайлы сөз бар да, дерек жоқ. Өткен қыркүйек айының 16-17-сы күндері 1996 жылдан шырақшы болған Майра Асанбаевамен әңгімеден әңгіме туып, алдыма белін жіппен байлаған көптеген құжаттарын берді.

332

 

1996 жылы бабаның кесенесін қайта қалау үстінде, дуалға қоса қаланған қобдишаның ішінен бір бума қағаз шыққан. Сол қағаздарды Құмкент елдімекенінің тұрғыны Шора Арынбеков ескіше сауаты бар ауыл қарияларына көрсетіп, аударма жасап, әлгі қобдишаны қайта қалап жіберген.
Сол кезде осындай батыл істерге баруына кім көмек берді екен? Сіз ол жайында не білесіз? Шымкент қаласынан келген көріпкел тәуіп Тиішбала Әлиева деген келіншек бабаның басында 1 айдан көп болды. Сол не айтса, сол болып жүрді. «Соның көмегі Шораға көп тиді» дейді Майра жеңгей.
Ал енді қобдишаның ішінен шыққан деректерге кезек берейік (деректер сол қалпында жазылды).

І дерек

1133 жылы Баба түкті Шашты Әзіз бабаның кесенесін қалаушылардың мекенжайы Қарнақ ауылы, бабаның ғимарат жасау жайын ұйымдастырушы, жергілікті Жылы бұлақ болысының баласы, Шалдар руынан шыққан Бостан. Балан Карим екеуміз малды, қаражат жинау арқылы дайындық жасадық. Қышты тасып-жеткіз, жергілікті халықтың мойынында болды. Құрылыс жұмысын басқарған Бостан інісі Исатайұлы көмекшілік қызмет еткен. Осы жұмысқа басшылық етуші Хангелдіұлы Тутамғалы руынан, Бестерекұлы Әмірсейіт, Шалдар руынан Ботакенұлы Жанболат, Шалабайұлы Арғын руынан, қышты дайындау жұмысына 8 ай уақыт кетті.
Жергілікті ру басшыларын басқаруды Хижраның 1133 жылы жаз айында бастадық. Ғимаратты бастау-қалау жұмыстарын Карим екеуміз ғана жүргіздік. Келген мекенжайымыз Түркістан уалайаты, Сырдария өлкесі. Хижраның 1133 жылы Мизан айында күмбездің біршама жері бітпей қалды. Амалсыз кетуге мәжбүр болдық.

Аманат қалдырушы – Қожа Айтқожа. 1133 жыл

Өкінішке қарай, 2 деректе қатысқан адамдардың қай ауылдан екені, олардың рулары жайлы дерек берілмеген.

ІІ дерек

1925 жылы 29 июнь күні Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі қайта күрделі жөндеуден өткенде күзетшілер Темірбек Түймкенттік, Арынбек, Қауымбек, Жолан Қалқаманұлы ғимаратты түзету үшін Шаян тарапынан Қадір баба, Қожа Баба Түктінің шырақшысы Амантай Оспан қожа, сәулетші Әлмұханбет Сапарұлы қатысты. Қол қойып, келер ұрпаққа із қалдырушылар - Болтай Арғынбайұлы, Жолан Қалқаманұлы, Әлі Оспанбай Байпатшаұлы қол қойып келер ұрпаққа із қалдырған. 1925 жылы 29 июнь. Бұл күндерге дейін бізге беймәлім болған Созақ ауданының Құмкент елдімекеніндегі Баба түкті Шашты Әзіз бабаның кесенесін қалаушылар жайлы біз қобдишадан шыққан екі деректің сырын оқырманға жеткізу мақсатымыз еді.

Биболат Рабатов,
Созақ ауданы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.