Версия для печати

АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ Избранное

Среда, 12 Август 2020 05:16 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2880 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ef0c2f49-9365-4718-8202-8348eb1d31e5

Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, олар Абай мұражайында болып, танымдық экскурсия жасады.

Артында өшпес мұра қалдырған ойшылды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу мақсатында 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақ алдына ескерткіші орнатылған болатын.
Бұдан өзге, Шымкентте Абай Құнанбайұлының есімі берілген 1 аудан, 1 даңғыл, кітапхана, мұражай, саябақ бар.
Нақтырақ айтқанда, 2004 жылы «Шымкент қаласында аудандар құру туралы» Шымкент қалалық мәслихатының шешімі және әкімдік қаулысымен Абай ауданы құрылды. Ауданның аумағы 50 мың гектарға жуық. Бүгінде онда 323 мыңға жуық тұрғын қоныстанған.
Ал, ұзындығы 2 шақырымға созылатын даңғылға Абай есімі 1990 жылы берілді.
Сондай-ақ, 1964 жылы құрылған қалалық орталық кітапханаға 2005 жылы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Абай есімі берілді.
Шымкенттіктердің сүйікті демалыс орнына айналып үлгерген қазіргі Абай саябағы - 1967 жылы «50 лет Октября» саябағы болып ашылған болатын. Ол 1991 жылы 23 мамырда данышпан ақын Абайдың есіміне өзгертілді. Онда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған аллея, Даңқ мемориалы, субұрқақ, шағын сәулет нысандары және мерекелік іс-шаралар өткізуге арналған сахна бар.
Сонымен қатар, 2009 жылдың 22 қыркүйегінде Абай саябағынан Хакім Абай мұражайы ашылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.