Версия для печати

Мемлекет басшысына мың рахмет! Избранное

Среда, 28 Октябрь 2020 04:15 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2452 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тағы да тектілігін, кемел ойлылығын, алысты болжайтынын айқын көрсетті. Кітап оқуға бетбұрыс жасауды, мектептен бастап жас ұрпақты  оқырмандық мәдениетке баулуды терең мәністей мазмұндап берді.

622

 

Кітапханалардың ағартушылық орнын ешқашан да ештеңе де алмастыра алмайтынын ерекшелей екшеді. Ақын-жазушылардың қашаннан бері шырылдай айтып, жазып жүрген мәселесін Мемлекет басшысы жүрекжарды, тағдыршешті түйінсөзімен тағылымдады.
Мың рақмет Сізге!
Жаңа Жолдауыңызда да тұтас ұлт сапасын арттыруды, адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіруді, ұлтты жаңартып, елді жаңғыртуды айрықшалап көрсеткен едіңіз. Осы міндеттерді ойдағыдай орындауда да кітаптың, көркем әдебиеттің жөні бөлек, жосығы еректігін ескерген ерендігіңізге ризамыз!

Мархабат БАЙҒҰТ,
жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.