Версия для печати

Мықты кітап мың жылда құнын жоғалтпайды Избранное

Среда, 17 Февраль 2021 03:40 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4767 раз
Оцените материал
(0 голосов)

А.С.Пушкин атындағы орталық әмбебап ғылыми кітапханада әдебиетші, ғалым Ақжол Қалшабекпен кездесу өтті. Кездесуге арнайы шақырылған қонақтардың қатарында халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Х.Есенқара мен М.Әуезов атындағы ОҚУ әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры С.Мәжінбеков, жас ақындар болды. Университет оқытушылары, журналистика мамандығының 1 курс студенттері және кітапхана қызметкерлері де қатысты.

84

 

Кездесуде әдебиетші Ақжол Батырұлының жақында баспадан шыққан «Елдік сұлбасы немесе ұлттық рух жайлы толғаныс» атты кітабы оқырманға таныстырылды. Ақын Ханбибі Есенқара ақындардың жарық көрген кітаптарын насихаттауда белсенділік танытып жүрген кітапхана ұжымына алғысын жеткізіп, жаңа кітап жайында өз пікірін білдірді.
Өз кезегінде автор кітаптың жазылу барысы жайлы өзінің ойын жеткізді.
– «Кітап – өлмейтін бала. Мықты кітаптар мың жыл болса да құнын жоғалтпайды. Бұл кітап жалпы 20-25 жылға жуық ізденіс, әр түрлі тақырыптағы еңбектерді қамтиды. Оның ішінде біраз зерттеулер осыған дейін әр жылдары түрлі баспасөз беттерінде, журналдарда, ғылыми конференциялар жинақтарында жарияланған болатын» – деді ф.ғ.к., доцент А.Қалшабаек. Жалпы, кітап екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімі «Әдебиет жайлы жазбалар» деп аталса, екінші бөлімі «Ел, өркениет, иман Һәм жеке тұлға жауапкершілігі туралы» деп аталады.
Басқосу барысында қонақтар профессор М.Мырзахметұлының авторға жолдаған видеосәлемдемесін тыңдады. «Ақжол А.Сүлейменовтің шығармалары
бойынша ғылыми жұмысын қорғады. Әдебиетші ретінде тілі де, пайымы да жақсы. Өзіндік пікірі, өзіндік танымы бар. Келешекте айтулы зерттеушілердің біріне айнала алады. Халыққа өзіндік жазу стилімен жеткізе алады, ішінде бір «тыңжысы» бар. Қазір облыстағы әдебиетшілердің алдыңғы қатарында келе жатыр. Абайдың ең қиын 38-ші еңбегін жақсы зерттеп шықты. Ақжолдың осы жаңа кітабын оқып шықтым. Қазір нағыз әдебиетші
болып жетілді. Алдағы уақытта әлі талай дүниелер жазады деген ойдамын», – деді ғалымның ғылыми жетекшісі, профессор М.Мырзахметұлы.
Кездесу қызықты, әсерлі өтті. Ұлттық құндылықты танытқан кітап жайында студенттер тарапынан көптеген сауал қойылып, олар мазмұнды жауап алды.

Л.ТУРАБАЕВА,
М.Әуезов атындағы ОҚУ ф.ғ.к., доцент

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.