«Шымкент-циркте» – жаңа бағдарлама Избранное

Среда, 08 Декабрь 2021 04:04 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1175 раз

«Шымкент–Цирк» ұжымының қос қуанышы қатар келді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен мекеменің 10 жылдық мерейтойына орай көрермендерін «Jas цирк» жаңа бағдарламасымен қуантып отыр.

701

 

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған жаңа бағдарлама 1-12 желтоқсан аралығында күнделікті қойылып жүр. Онда еліміздің және шетелдің цирк әртістері өнерін ортаға салып, оларды «X-band» оркестрі сүйемелдеуде.
Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен және Нұр-Сұлтан қаласынан келген өнерпаздар 12 күн бойы жаңа, қауіпті әрі қызықты сахналық қойылымдарын ұсынады. Жаңа, әрі қауіпті қойылымдар қатарында «Батут», «Ремни», «Семафор» «Канат», «Качели» бар. Бұл сахналық нөмірлер қауіптілігімен және өнерпаздардың ептілігімен өз көрермендерін тауып, олардың қошеметіне бөленіп үлгерді. Сондай-ақ, көңілді клоундар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бүлдіршіндерді ерекше қуантты.
«Оңтүстік – Цирк» ұжымы 10 жыл ішінде көптеген жетістікке жетті. «Шабыт» фестивалінде «Мачта» қойылымы 1 орын иеленсе, «Үйретілген күшіктер» нөмірі ІІІ орынды жеңіп алды. Ал, «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестивалінде «Семафор» және «Әуе гимнастары» жүлделі бірінші орыннан көрініп, «Канат» және «Серіппелі тақтайша» қойылымдары ІІ орынды иеленген. Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасы Хэнань провинциясының Лоян қаласында өткен ІІІ акробатикалық фестивальде О.Касаткиннің жетекшілігіндегі әуе акробаттары І орынды иеленді.
«Шымкент-Цирк» әлемдік цирк ұжымдарымен де тығыз байланыста. Оған дәлел, 10 жылдың ішінде Мәскеудің Никулин циркі, «Варшава циркі», ресейлік «Цирк на льду», «Цирк на воде», «Миллениум», «Қаладағы қасқырлар» және «Вьетнам циркі», «Принц Египта», «Запашный циркі», «Пілдер шоуы» циркі сынды әлем мойындаған өнерпаздар үшінші мегаполис жұртшылығына қуаныш сыйлап, «Шымкент-Цирк» манежінде өнер көрсетіп үлгерген. Сонымен қатар, ұжым әртістері Египет, Түркия, ҚХР, Ресей Федерациясы және Қырғызстан
Республикасына гастрольдік сапармен барып, тәжірибе алмасып қайтты. Бүгінде цирк өнерпаздары — І.Рахманкулов, А.Тағайбек және Е.Игенбеков Дубай қаласында өтіп жатқан EXPO көрмесіне қатысып, өнерімен әлем жұртшылығын таңғалдыруда.
Айта кетейік, өнер ұжымы жыл басынан бері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Шымкент-Цирктің» 10 жылдығына орай «Shymkent circus NEW», «Family Circus», «On цирк» және «Jas цирк» бағдарламаларын ұсынды. 12 желтоқсанға дейін өтетін «Jas цирк» бағдарламасына билеттер 1500-5000 теңге аралығында сатылуда. Ал, 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер цирк қойылымын тегін тамашалай алады. Келіңіз, көріңіз, «Шымкент-Циркпен» бірге болыңыз!

Назерке БИМАХАН,
«Шымкент-Цирк» мекемесінің баспасөз хатшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.