Мейірімге толы тасқын бол!

Пятница, 17 Декабрь 2021 00:00 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3348 раз

meirimge-toly

«Menin Armanym» корпоравтивтік қоры денсаулығында кінәраты бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың армандарын орындайды. Қордың ұйым ретінде тіркелуіне дүниежүзіндегі «Make a wish» қорының жұмысы әсер етті деуге болады. Қор армандарды www.menin-armanym.kz сайты арқылы өтінімдерді қабылдайды. Кінәраты бар балалардың ата-анасы, туыстары, еріктілер, яғни кез-келген адам өтінім бере алады. Өтінімдер бойынша әр өңірлердегі супервайзерлер, яғни қаладағы өкілдер бала мен ата-анаға танысып, баланың арманын нақтылап анықтайды.

Қазіргі таңда елімізде қайырымдылық қорлары өте көп тіркелген, бірақ нақты біздің бағыттағы балалардың арманын орындап беретін ешкім жоқ. Біздің мақсатымыз – балаға жаңашыл эмоция, бақыт сыйлау. Әр арманнан кейін баланың денсаулығында өзгерістер болып, жағдайының жақсаруына септігін тигізіп жатыр деп айта аламын.

Биыл жобаға бір жыл толып отыр. Бүгінгі күнге дейін 80-нен астам арман орындалды, оның ішінде 10-ға жуығы Шымкент қаласында жүзеге асырылды. Өзім бұл қайырымдылық іске атсалысқаныма көп уақыт болмады, десе де 2 баланың арманын жүзеге асырдым. Бәлкім біреуге баланың арманы тым қарапайым болуы мүмкін, бірақ біз әр арманға сценарий жазып, максималды түрде күнін күшті өткізуге бар ынтамызды саламыз. Арман орындауға көптеген блогерлер, танымал тұлғалар, түрлі сала өкілдерін де жұмылдырамыз. Бұл бір бөлек сезім, бала мен ата-ананың қуанышын сөзбен жеткізу қиын. Себебі түрлі қиыншылықтарға тап болатын уақыттар да болады.  Эмоционалды түрде  волонтерлар да күйіп жатады. Қорымыз өңірлердегі өкілдері  арқылы онкология, дцп, аутизм және т.б. ауруларына шалдыққа балаларға қол ұшын созып, жаңа өмірге стимул береді.

Балақайларымыз жазылып, жүзіндегі күлкісі ұзағынан болсын деп тілейміз.

Жұлдыз НАМАЗ,
«Menin Armanym» корпоравтивтік қорының Шымкент қаласы бойынша өкілі

Последнее изменение Среда, 22 Декабрь 2021 12:05
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.