Құрбан айт құтты болсын! Избранное

Пятница, 03 Октябрь 2014 08:52 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5303 раз

Құрметті шымкенттіктер!

Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің береке-бірлігін нығайтатын, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын бұл мейрам бәрімізді шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады. Әрбір мұсылман үшін бұл күн рухани жаңғыру, мұқтаждарға қамқорлық көрсету секілді ізгі ниеттермен тығыз байланыстырылып келеді.
Мейірімділік пен әділдік, жауапкершілік пен шыдамдылық тәрізді жоғары рухани құндылықтарды насихаттаушы Құрбан айт Қазақстан халқы үшін айтулы мерекенің бірі. Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында, елімізде діндер мен мәдениеттердің санқилылығына қарамастан, қазақстандықтар арасында сыйластық пен сенімділік қатынастары дамуда. Ұлысты ұйыстыратын Ислам дінін халқымыз өз ұлттық дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келеді.
Қасиетті Құрбан айт жүрегімізге қуаныш ұялатып, біздің рухани тазалығымызды қамтамасыз етсін. Жүрегімізді қуанышқа бөлеп, барлық ақ ниетті істерімізді қолдасын.
Осы мереке әрқайсымыздың болашаққа деген үмітімізді нығайтып, жандандыратын айтулы күн болсын. Келешегімізді кемел, жүзімізді жарқын етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын!
Айт қабыл болсын! Барлық қала тұрғындарына зор денсаулық, отбасыларына амандық пен береке тілеймін!

 

Дархан САТЫБАЛДЫ,
Шымкент қаласының әкімі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.