Үлгiлi атанудан үмiттiлер көп

Пятница, 10 Октябрь 2014 08:35 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3091 раз

Қала күні мерекесінде «Таза ниетпен, таза қалаға» атты байқауы қорытындыланады. Осыған орай, Шымкент қаласы әкімдігінде байқау қорытындысын шығару мақсатында комиссия мүшелерінің мәжілісі өтті.

Мәжілісті қала басшысының орынбасары Б. Нарымбетов жүргізді. Аудан әкімдері аппараты жанынан құрылған жұмысшы топ атқарылған жұмыстары мен ұсыныстарын баяндады. Сөз алған Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Естебек Шардарбеков, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Мәлік Әбдінұров байқауға қатысқан үздік көше, үздік аула аталымдарына үміткер тұрғындардың дайындығын пысықтады.  
Қаланы көркейту, көгалдандыру мақсатында өткізілген шараға тұрғындардың белсенділігі жоғары. Алайда,  жауапты өкілдердің байқауға қатысушы көше, аулалардың тізімін дұрыс жасамағаны мәлім болды.
Кейбір үйлердің кіреберісінде жарық жоқ. Подьездер жөнделмеген. Байқаудың мақсаты өз үйлерін, ауласын, көшесін таза ұстап, ағаштарды әктеп, тазалық мәдениетін қалыптастыру. Ауладағы балалар алаңшасын, қоршауларды тұрғындар ұқыппен ұстауы қажет. Сондай-ақ,  қатысушылар өз бастамасымен қандай жұмыстарды қолға алды?
– Сусын ыдыстарынан, көлік дөңгелектерінен мүсін, гүл  жасап, ауланы безендіріп қою шарт емес. Біз үшінші қалаға лайықты болуымыз керек!-деді Б. Нарымбетов.
Мәжілісте комиссия мүшелері байқауға лайықты аула, көшелердің жұмысын тағы да бақылау қажеттігіне тоқталып, өз ұсыныс, пікірлерін білдірді. Байқаудың қорытындысы «Қала күні» мерекесіне орай жарияланып, жеңімпаздар «Үлгілі аула», «Үлгілі көше», «Үлгілі аудан» аталымдары бойынша арнайы Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қ. САБЫРБАЙҚЫЗЫ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.