– Бүгінгі акцияның мақсаты –балаларға өз қамқорлығымызды көретіп, олардың өмірге деген құштарлығын ояту. Жалпы ауданда 2000-ға жуық әр түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі бала бар. Бүгін мыңға жуық балаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, өз сыйлығымызды табыстаймыз. Сондай-ақ балаларды қорғау күнінде 150 мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы мерекелік дастархан жайып, ойын-сауықтық бағдарлама ұйымдастырған болатынбыз. Ал, 500 әлеуметтік жағдайы аз қамтылған балғындарға аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен сыйлықтар таратылды,- деді Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Жанысбекұлы.
Орталықта 30-ға жуық балаға әлеуметтік, психологиялық қызмет көрсетіледі. Қайырымдылық акциясына аудандық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары, «Ізгілікке жарысайық» қоғамдық бірлестігі және «Мейірім» қайырымдылық қоры да атсалысып, өз көмегін көрсетті.
– «Асыл-ай» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы 2019 жылы ашылды. Осы уақытқа дейін көптеген жүйке ауруына шалдыққан балалар емделіп, оң нәтижесін беріп келеді. Қазіргі таңда орталығымызда 8 тәрбиеші және олардың көмекшісі, массажист, логопед, психолог мамандары жұмыс істейді, - деді «Асыл-ай» оңалту орталығының басшысы Күнсұлу Зейілбекқызы.
Айта кетейік, Қаратау ауданында алдағы уақытта да қайырымдылық іс-шаралар жалғасатын болады.
Айдана МҰХТАРОВА