Ұлттық киім – ұрпаққа мұра Избранное

Среда, 15 Июнь 2022 04:40 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1026 раз

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының аясында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті.

1

 

Аталған іс-шара «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қаламызда алғаш рет қолға алынып отыр. Қазақы нақышқа толы көрмені тамашалауға Алматы және Шымкент қаласы сән үйлерінің өкілдері мен дизайнерлері,қала тұрғындары келді.
– Фестивалдің мақсаты – қазақ халқының ұлттық киім үлгілерінің қолданыс аясын кеңейту және жас ұрпаққа дәстүрлі киім үлгілерін ұсыну. Сонымен қатар, қаламыздағы ұлттық киім индустриясында қызмет атқаратын жас дизайнерлер мен зергерлердің қолынан шыққан бұйымдар, яғни дәстүрлі киімдер мен әшекейлер, ат-әбзелдері, құрақ көрпеше, күнделікті тұрмыста қолданатын дүниелерді кеңінен танымал ету. Іс-шарада балалар мен қариялар нео-этно стиліндегі ұлттық киімдер шеруін өткізді. Одан бөлек Мирас, Ақсукент, ОҚМПУ жоғары оқу орындарының сән мектептері өздерінің топтамаларын таныстырды,- деді «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гауһар Төлепова.
Қазақи сән киім үлгілерін дәріптеген бұл іс-шарада
9 топтама көрсетілді. Оның ішінде 4 топтама «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігіне тиесілі.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.