Версия для печати

ГОЛЛИВУДҚА БАСТАЙТЫН БАСПАЛДАҚ Избранное

Пятница, 17 Июнь 2022 04:49 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2342 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жастар ресурстық орталығында «SHYMKENT NOMAD FILM FEST» қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің атынан жүрекжарды құттықтау тілегін жеткізген қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мұндай фестиваль мегаполис киноиндустриясын дамытып, жас таланттардың танылуына септігін тигізетінін жеткізді.

27

 

– Қысқаметражды фильмдер байқауы Шымкентте осымен екінші рет өтті. Осыдан бір апта бұрын «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Ақан Сатаев қаламызға келіп, «Ұлы дала таңы» кинотуындысының тұсауын кескенде жолықтым. Сонда режиссер ағамыздан «неге дәл Шымкентті таңдадыңыздар?» деп сұрағанымда ол кісі «Шымкенттің мультфильм, киноиндустриясы дамып келе жатыр. Мен соған тәнтімін. Сол үшін осы қаланы таңдадым» деген еді. Расында, шаһарымыздың жас әрі талантты актерлер, режиссерлерімен республикада танымалдығы артып келеді. Бүгінде киноиндустрия саласына енді қадам басып келе жатқан көптеген жастардың еңбектері ютуб каналдарында жариялануда. Бұл – әрине, қуанышты жағдай, – деді
Шыңғыс Жұмабекұлы.
Қала әкімінің бірінші орынбасары Шымкентті екінші Голливудқа айналдыруға мүмкіндік бар екенін, ол үшін кадр да, тәжірибе де, тиісті инфрақұрылым да жеткілікті, ең бастысы, бұл фестиваль сол арманға жетелейтін баспалдақ екенін атап өтті.
Сонымен, жарыс қорытындысы бойынша «Бізбен бірге жарқын болашақта» фильмі бас жүлде алды. І орын – «Ойлан», ІІ орын – «Отау», ІІІ орын «Қозға» фильміне берілді. Бірінші пландағы актер номинациясын – Әлихан Сейсенбай («Бізбен бірге жарқын болашақта»), бірінші пландағы актриса – Айжан Алтынбек («Отау»), екінші пландағы актер – Али Қалдыбай («Тартылыс»), ал екінші пландағы актриса аталымын Назерке Құдайбердиева («Бетперде») жеңіп алып, марапатталды.
Сондай-ақ, ең үздік оператор сыйлығы – «Жанкүйер», ең үздік монтаж – «Ойлан», ең үздік сценарий «Бізбен бірге жарқын болашақта» фильмдерінің шығармашылық тобына табысталды.