Пятница, 30 Сентябрь 2016 06:47

Қариясы бар ел қазыналы

Халқымыз қариясын қазынаға балайды. Үлкенді ақылдың кені санап, құрмет көрсетеді. Сол бір тамаша дәстүр Қарттар күні жалғасын тапты.

DSC 2594

Мереке күні ардагерлеріміз «Алтын сарай» мейрамханасында бас қосты. Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған шара жоғары деңгейде өткізілді. Қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қариялар мен ақжаулықты аналарды мейрамымен құттықтады.

– Сіздерді БҰҰ Бас Ассамблеясы қарттар күні деп жариялаған, бүгінгі мейірім мен ізгілік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бәріңіз кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге үйретіп келесіздер. Араларыңызда бүгінге дейін ел игілігі үшін түрлі қоғамдық ұйымдарда еңбек етіп жүргендер аз емес. Сіз бен біздің қолдауымызға мұқтаж жандардан жүрек жылуын аямайық.Сіздерге зор денсаулық, берекелі ұзақ ғұмыр тілеймін. Әрқашан ықыласқа бөленіп, арамызда жүре беріңіздер! – деді Ғ. Әбдірахымов.

14432974 1794349924144700 3553058468520801767 n

Бүгінде Шымкентте 70 мыңға жуық зейнеткер, соғыс және еңбек ардагерлері бар. Олардың 8 мыңы көпбалалы аналар, 141-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері.

Қазіргі таңда Шымкентте 70 мыңға жуық зейнет жасындағы қарттар мен ардагерлер тұрады. Қала әкімдігі ардагерлерімізді ардақтап, оларды қашанда, қамқорлық аясынан тыс қалдырған емес. Осының айғағындай, мерекелер кезінде қарттарымызға түрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан ҰОС мүгедектеріне, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасына, тыл еңбеккерлеріне, ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге әлеуметтік көмектер берілді.

DSC 2592

Салтанатты шарада сөз алған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И. Рысбай қарияларға жылы лебізін жеткізді.

– Біз жыл сайын мерекені атап өтуді жақсы дәстүрге айналдырдық. Жастық жалыны мен бойындағы күш-жігерін елдің дамуына жұмсаған қарияларымызды бүгінде жас буынның қамқорлыққа алып, сыйлауы орынды. Оларға қамқорлығымызды көрсету – біздің басты міндетіміз, – деді.

Қариялар мерекелік дастарханда бас қосып, арқа-жарқа болды.

Ш. Қалдаяқов атындағы «Тұмар» фольклорлық ансамблі, халықаралық байқаулардың жүлдегері Асыл Жандәулетов қарияларымызға әннен шашу шашты.

Осы орайда аға буын өкілдері мерекені ұйымдастырғандарға алғыстарын айтып, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық баянды болсын деген тілектерін жеткізді.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 30 Сентябрь 2016 06:07

«Үлгілі отбасы» анықталды

Шымкентте «Үлгілі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі мен қалалық ішкі саясат бөлімі сайысты биыл екінші рет ұйымдастырып отыр. Байқау отбасының мәртебесін биіктету, қарттарды құрметтеуге бағытталған.

DSC 2496

Байқауда бес отбасы өз өнерлерін көрсетті. Жиында Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай отбасы құндылығын сақтау маңызды екенін, қазіргі кезде салт-дәстүрден ажырап бара жатқанымызды атап өтті.

DSC 2511

Отбасы мүшелері сайыс барысында шашбау тағу, тұсаукесер, беташар сынды дәстүрлерімізді жаңғыртты. Одан бөлек, салт-дәстүрлер бойынша қойылған сауалдарға жауап берді.
Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбдіманап Ақмолда бастаған қазылар сайыстың қорытындысын шығарды.
Сонымен, биылғы байқаудың жеңімпазы – Қансейітовтер отбасы. Үлгілі отбасыға 200 мың теңге қаржылай сыйақы берілді. Әбілхановтар отбасы екінші (150 мың), Қанаевтар отбасы үшінші орынды (100 мың) иеленді. Сондай-ақ, Әлназаровтар отбасы ынталандыру сыйлығымен (10 мың) марапатталды.

Опубликовано в Әлеумет
Среда, 28 Сентябрь 2016 06:18

Көңілге шуақ сыйлаған фестиваль

DSC 2179

Қала тұрғындары Шымкенттің туған күнін биыл сегіз күн тойлады. Таң қылаң беріп атқаннан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің маңында аудан өнерпаздарының, шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы мерекелік көңіл күй сыйлады.

14455871 1171089499604405 233034247 o

– Қаламыз күн өткен сайын шырайланып, құлпырып келеді. Əкімшілік-іскерлік орталығы, жаңа ғимараттар, көпқабатты үйлер бой көтерді. Көрмеге қойылған фотосуреттерге қарап, Шымкентті басқа қырынан таныдым. Ауа райы да бүгін ерекше шуағын шашып тұр. Киіз үйлер тігіліп, алтыбақанда балалар асыр салып ойнап жүр. Мұның бəрі адамға жылылық сыйлайды. Бүгін Шымкентті бұрынғыдан да қатты жақсы көріп тұрмын, – дейді қала тұрғыны Гауһар Байшымыр.

14453928 1171089526271069 1716575225 oСалтанатты жиын қала тұрғындарын қайталанбас қызыққа кенелткен «Шырайлы Шымқалам» фестивалімен жалғасты. Дана Еспенбетова жеміс-жидек пен көкөністерден түрлі туындылар жасап, сүйікті қаламызға деген ыстық ықыласы мен сезімін өзгеше өрнекпен жеткізуге тырысыпты. Ол көкөністердің бетіне мәнер түсірумен бір жылдан бері айналысады екен. Қаладағы мекеменің бірінде есепші болып істейтін ол карвинг өнерін ғаламтордағы видеоларды қарап, үйреніп алған. 

– Бұл өнер – төзімділікті, ептілікті талап етеді. Қиялың бай болуы керек. Қазір тек өнер ретінде ғана қарамай, қосымша табыс көзіне де айналдырдық. Қала тұрғындары мерекелік кештерге, іс-шараларға, тойларға жеміс-жидектерден осындай әдемі туындылар жасап беруімізді өтініп, шақырып жатады. Бағасы 30-150 мың теңге аралығында. Қызығушылық болса, арнайы курстарға қатыспай-ақ, интернеттен видеоларды көріп, қайталап жасап, меңгеруге болады. Қала күніне ерекше сый ұсынғым келді. Өйткені, Шымқаламызды жақсы көремін, – дейді Дана.

Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүр, қолөнер бұйымдары және Шымкенттің кешегісі мен бүгінін бейнелейтін фотосуреттер көрмесі əр адамға əдемі əсер қалдырғаны анық.

 

Опубликовано в Қала

Қоңыр күзде қала тұрғындарына шат-шадыман көңіл-күй сыйлайтын Шымкенттің өз мерекесі бар. Ол – қала күні. Өткен аптада арнайы ұйымдастырылған думанды кештер, түрлі фестивальдер мен театр қойылымдары, эстрада әншілерінің мерекелік концерті шымкенттіктердің көңілінен шықты.

kol-den

«Наурыз» алаңында Қазақстан эстрада жұлдыздарының концертіне келген көрерменнің қарасы қалың болды. Облыс әкімі Б. Атамқұлов қала күнімен құттықтап, игі тілегін білдірді. Ал қала әкімі Ғ. Әбдірахымов бірқатар азаматтарға «Қаланың құрметті азаматы» атағын тапсырды. Марапатқа ие азаматтардың еңбегіне ел сүйсінеді. Бірі білікті маман, бірі кәсіпкер, бірі ұлағатты ұстаз. Мұнан соң салтанатты шара өнер жұлдыздарының концертімен жалғасты. Шымкенттіктер үшін эстрада әншісі Бейбіт Қорғанның сахнаға шығуы тосын сый болды. Көптен бері көрінбей жүрген жұлдыз жаңа әндерін Шымқалаға тарту етті. Ән әлемінің майталмандары «МузАрт» тобы, Индира Елемес, Қайрат Нұртас әннен шашу шашты. Серік Ибрагимов, «Лашын» тобы сынды эстрада әншілері кеш көрігін қыздыра түсті. Сонымен қатар, шымкенттіктерді қала күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

DSC 2257

– Сүйікті қаламыздың туған күні құтты болсын! Төл мереке болғандықтан әндерімізді сіздерге арнап жатырмыз. Алматыдан кейінгі үлкен мегаполис болғандықтан болашағы зор деп ойлаймыз. Шымкент өркендеп, өсе берсін!, – деді эстрада әншілері.
Мерекелік концерт соңы отшашумен аяқталды.

Опубликовано в Мәдениет

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне орай "Абай" саябағында «Алтын күз» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен елдің бірлігі мемлекетіміздің басты байлығы екендігін атап өтті.

Елдегі тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мақсатында өткен шараға Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктер төрағалары, өзбек этномәдени бірлестігінің аудан, қалалардағы филиалы басшылары мен өкілдері, өзбек халқының зиялы қауым өкілдері қатысты. Мерекелік жиында ынтымақтың ұйытқысы болып жүрген азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Опубликовано в Қоғам

Қазақтың ат спорты дегенде шығарда жаны бөлек. «Көкпар тарту», «Қыз қуу», «Аламан бәйге» десе, әр қазақтың делебесі қозар. Шымкентте «Қала күні» мерекесіне орай осындай қанды қыздырған сайыс өтті. Астана қаласынан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарынан да мықтылар келген. Солардың арасында қала әкімінің арнайы жүлдесін – «Нива» автокөлігін Жамбыл облысының он үш жасар өрені жеңіп алды.

DSC 1843

Қазақтың тойы ұлттық спорт ойындарынсыз өтпейтіні белгілі. Бұл күні Орталық атшабарға да бір қауым ел жиналды. «Қыз қуу», «Бәйге», «Теңге ілу», «Kөкпар», «Жамбы ату» сияқты ұлттық ат спорты ойындарын тамашалауға асық. «Қала күніне» арналған мәдени іс-шаралар да көкпардан бастау алды. Финалға Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының көкпаршылары шыққан. Шешуші сында екі кезеңде де шымкенттік шабандоздар қарсыластарын тықсырып, жеңімпаз атанды.

DSC 1716

Одан кейін аламан бәйгені тамашаладық. Жер тарпыған 13 сәйгүліктің өнері көпшілікті тәнті етті. «Нұртөбел» (Жамбыл облысы), «Спартак» (ОҚО), «Дауыл» (Жамбыл облысы) лақап атты тұлпарлардың қарымы бөлек. Он тоғыз шақырымдық бәйгеде көрші Жамбыл облысының «Нұртөбел» атты жүйрігі озды. Сонымен, мәреге бірінші жеткен «Нұртөбелді» тізгіндеген он үш жасар Бақкелді Ахат «Нива» автокөлігін иеленді.

DSC 1901

Бұдан бөлек, қошқар көтеру сайысы да көңілді көтерді. Білектің күші мен ептілікті қажет ететін сайыста Біржан Қосалиев қарсыластарының бәрінен озды. Жеңімпаз жігіт аударыспақтан Азия чемпионы екенін айта кетейік. Сондай-ақ, атшабарда жамбы ату, қыз қуу, конкур, желдіртіп шабу, теңге ілу сайыстары да тартысты өтті.

DSC 1785

Соңында, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аламан бәйгеде үздік атанған Бақкелді Ахатқа «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етті.

– Елбасының өзі Шымкентке үшінші қала мәртебесін берді. Соған сай енді бұқаралық спорт та дамуы тиіс. Қала күні мерекесі – бүкіл халқымызға ортақ қуаныш, – деді шаһар басшысы.

Қатысушылар да, қала тұрғындары да атшабардан көтеріңкі көңіл күймен қайтты.

Опубликовано в Қала
Понедельник, 26 Сентябрь 2016 04:43

Мегаполис мәртебесін асқақтатқан шара

«ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қала күні мерекесі қарсаңында «Шырайлы Шымкент» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Қалалық балалар мен жасөспірімдер сарайында өткен марапаттау рәсіміне қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

 MG 3524

Байқауды Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысымен «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Журналистер мен блогерлер арасындағы байқау жеңімпаздары «Үздік баспасөз жарияланымы», «Үздік теле-радиобағдарламасы», «Үздік Интернет-БАҚ жарияланымы» және «Әлеуметтік желілер мен блог-посттардағы үздік жазба» номинациялары бойынша марапатталды.

– Бүгінгі «Шырайлы Шымкент» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі қала күнін тойлау мерекесіне тұспа-тұс келіп отыр. Түрлі буын өкілдерін біріктіретін бұл тамаша және жарқын мереке барлық қалалықтар үшін сүйікті мейрамға айналған. Бүгінде Шымкент қарқынды дамып, ажарлана түсті. Қаланың көшелері мен саябақтары көркейіп, көз қызықтырады. Жаңа шағынаудандар салынып, тұрғын үйлер бой көтеруде. Бұл әрине, қала тұрғындарының еселі еңбегінің нәтижесі, – деп атап өтті Ғабидолла Рахматоллаұлы.

DSC 1479

Байқаудың мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына бағытталған, қаланың туристік және инвестициялық әлеуетін насихаттайтын мақалалар жариялау, сюжеттер трансляциялау және әлеуметтік желілерде посттар жазу арқылы Шымкент қаласының имиджін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат таратудағы үлесін, журналистер мен блогерлердің кәсіби ынтымақтастығын арттыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысушылар қаланың жаңаша келбетін көрсетуге, жаңа қырын танытуға талпынғаны байқалады.

Сонымен, «Үздік Интернет-БАҚ жарияланымы» номинациясы бойынша І-ші дәрежелі диплом «TENGRINEWS.KZ» ақпараттық порталына берілді. ІІ-ші дәрежелі дипломмен OTYRAR.KZ ақпараттық медиа-порталы марапатталды. ІІІ-ші дәрежелі дипломға «BNEWS.KZ» – қазақ ақпараттық агенттігі лайық деп танылды. «Nur.kz» ақпараттық порталының тілшісі Алиса Масалева «Ең көп оқылған мақала» номинациясын иеленді.

DSC 1518

«Үздік теле-радиобағдарламасы» номинациясы бойынша І-ші дәрежелі диплом «24 KZ» ақпараттық телеарнасына, ІІ-ші дәрежелі диплом «Айғақ» және «TVK» телеарналарына берілді.

«Үздік баспасөз жарияланымы» номинациясы бойынша І-ші дәрежелі диплом қалалық «Панорама Шымкента» газетінің тілшісі Галина Германға табыс етілді. ІІ-ші дәрежелі дипломмен «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Жәмила Мамырәлі, ІІІ-ші дәрежелі дипломмен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенби марапатталды.

«Әлеуметтік желілер мен блог-посттардағы үздік жазба» номинациялары бойынша І-ші дәрежелі диплом Әсет Әссандиге бұйырды. ІІ-дәрежелі диплом Руслан Сембиев пен Асхат Шотаевқа, ІІІ-дәрежелі диплом Мейірман Сауранбековке берілді.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сый-сыяпаттарға ие болды.

Опубликовано в Мәдениет
Среда, 21 Сентябрь 2016 05:53

Марафонға 4 мың адам қатысты

Қала тұрғындары бұқаралық жүгіру сайысында бас қосуды дәстүрге айналдырған. Қатысушылар саны да артып келеді. «Қала күні» мерекесіне орай қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған марафонға 4 мыңнан аса адам қатысты.

DSC 0694

Әдеттегідей, қатысушылар Қонаев даңғылы бойындағы «Рояль» спорт кешені алдынан бастау алды. Меже – «Наурыз» алаңы. Жеті жастан жетпіс жасқа дейінгі аралықтағы жүйріктер 5 шақырымды көтеріңкі көңіл күймен жүгіріп өтті.

Шымкент қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі жүлдегерлерді дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Намазбай Әбдіқұлов та «Жеңіске деген талпынысы үшін» номинациясына ие болды.

DSC 0912

Айта кетсек, 21-30 жас аралығында Сабыржан Қосақ пен Балнұр Асылбек, 31-40 жас аралығында Руслан Валиулин мен Нелла Лопатинская, 41-50 жас аралығында Рустам Машрапов пен Наталья Саляхова, 51-60 жас аралығында Құралбай Тойшиев мен Гүлнәр Жолымбекова және 61 жастан жоғарылар арасында Валерий Куликов пен Мырзагүл Саржанова жеңімпаз атанды. Жастар мен жасөспірімдер арасында Әлихан Әбусейіт, Битан Кенжебаева (2002-2003), Максим Валиев, Әйгерім Сапарбаева (2000-2001), Қошәлі Әліқұлов, Зухра Киреева (1998-1999) және Ағзам Әріпжанов, Айдана Түлкібек (1996-1997) мәреге бірінші келді. 

DSC 1083

Тағылымды іс-шара соңы мерекелік концерке ұласты.

Сайыстың қорытындысында 12 аталым бойынша 30 жүлдегер анықталды. Бұқаралық марафон сайысының ең жас қатысушысы Бақдәулет Сапарxан мен Aян Амантай жеті жаста. Ал ең қарт жүгірушілер – 65 жастағы Юрий Остапенко мен Ираида Зайцева.

Опубликовано в Спорт
Среда, 21 Сентябрь 2016 05:39

Өнерлі жастар тартуы

DSC 1366

Жыл сайын қоңыр күзде Шымқаламыздың туған күні тойланады. Сондықтан қалалықтар үшін бұл күннің орны бөлек. Өткен аптадан бері мерейлі мерекеге орай іс-шаралар өткізілуде. Білім беру мекемелері де Қала күніне тарту жасады. Білім ордаларының мерекелік бағдарламасы «Тәуелсіздік» саябағында өтті.

DSC 1378

Концерттік шараға қаланың 129 мектебінің оқушылары атсалысты. Мерекеде жас өнерпаздар Қала күніне тартуларын ән-күймен жеткізді. Атап айтқанда, саз мектебінің оқушылары, «Нұр Оңтүстік» вокалдық тобы, «Арулар» би тобы сияқты жас таланттар өнер көрсетті. 200 оқушы «I Iove Shymkent» флешмобын билеп, мерекелік думанның ажарын ашты. Көрерменнің көзайымына айналған жас өнерпаздардан құралған фольклорлық ансамбльдер, эстрадалық вокалдық топтар өнерсүйерқауымның көңілінен шықты. Шымқалалықтарды Қала күнімен құттықтаған білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева барша отбасына бақыт, баянды ғұмыр тіледі.

DSC 1399

Опубликовано в Қоғам

16 қыркүйек

Rixos Khadisha Shymkent:

- «Қала күні» мерекесіне арналған іс-шараларды өткізу бойынша баспасөз конференциясы.

- әлеуметтік желілер арқылы  #Қалаға тілек (Шымкентке арнау) жобасын іске асыру (24 қыркүйек күні жеңімпаздарды  марапаттау рәсімі өтеді).

17 қыркүйек

сағат 09:00-13:00 - жалпықалалық сенбілік.

сағат 09:00 – 10:00 - зиялы қауым өкілдерінің, ардагерлер мен жастардың қатысуымен көшет отырғызу рәсімі.

11:00, Тәуелсіздік саябағы, Наурыз алаңы - жастардың қатысуымен «I love Shymkent» флэшмобы.

18 қыркүйек

сағат 09:00-11:00, "Роял" спорт кешенІ-Наурыз алаңы - қала тұрғындарының қатысуымен жүгіруден эстафета.

сағат 10:00, Орталық саябақ - ардагерлер арасында шахматтан турнир.

сағат 12:00, бБильярд клубы - мемлекеттік қызметкерлер мен қалалық мәслихат депутаттарының арасында бильярдтан турнир.

19 қыркүйек

сағат 16:00, Оқушылар сарайы - «Таза қала» акциясын қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.

20 қыркүйек

сағат 18:00-20:00, Тәуелсіздік саябағы - қалалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының мерекелік бағдарламасы.

сағат 18:00, опера және балет театры - «Шымкент Аруы» байқауы.

21 қыркүйек

Қала әкімінің белсенді жастармен кездесуі.

22 қыркүйек

«Шырайлы Шымкент»  республикалық және жергілікті БАҚ  өкілдері арасындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.

сағат 17:00, опера және балет театры - «Алтын сақа» балаларға арналған қысқаметражды  фильмдер фестивалінің ашылу рәсімі.

23 қыркүйек

сағат 10:00, перзентхана - қала әкімінің осы күні туылған  «Ең жас» азаматын құттықтауы .

сағат 11:00 - қала әкімінің Шымкент қаласының «Ең қарт» азаматын құттықтауы.

сағат 11:00, қарттар Үйі,  балалар Үйі - қайырымдылық акция.

сағат 17:00, Орталық саябақ - «Shymkent showdown-2016» кроссфит бойынша ашық чемпионат.

24 қыркүйек

сағат 10:30-14:00, орталық ипподром - ұлттық  спорт ойын түрлерінің  бағдарламасы.

сағат 11:00-19:00, Қазақ хандығының 550 жылдығы монументі:

- Шымкент қаласының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы.

- «Шырайлы Шымқалам» фестивалі: жемістер және көкөністердің бетіне карвинг ойып мәнер түсіру; ұлттық салт-дәстүр, қолөнер бұйымдары және фотосуреттер көрмесі.

сағат 19:00 – 21:30, Наурыз алаңы - театрландырылған хореографиялық көрініс, салтанатты жиын, Қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік гала-концерті, отшашу.

21:30 – отшашу.

Қала күні құрметіне және тәуелсіздің 25-жылдығына орай осы күндер аралығында "Қажымұқан" атындағы орталық стадионда ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтеді. 

Опубликовано в Қала
Страница 10 из 12