ІШКІ ӨНІМ АЛҒАШ РЕТ 3 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Среда, 27 Апрель 2022 04:11Шымкент қаласының жалпы өңірлік ішкі өнім көлемі биыл алғаш рет 3 триллион теңгеден асады деп жоспарланып отыр. Өткен жылы қалада бұл көрсеткіш 2 триллион 700 миллиард теңгені құраған еді.
КӨГІЛДІР ОТЫННАН ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ
Среда, 20 Апрель 2022 04:28Шымкентте №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Оның қуаттылығы сағатына 250 мың текше метрді құрайды.
Айтулы нысанды іске қосуға арналған салтанатты рәсімге Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен «QazaqGaz» Ұлттық компания» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Санжар
Жаркешов қатысты.
Кеңес қылған ел азбас, кеңінен пішкен тон тозбас
Пятница, 15 Апрель 2022 03:47Биыл Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 59 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылады. Олардағы ортақ пайдалану орындары, тротуарлар мен пандустар жасалып, спорттық және балалар алаңдары жаңартылады. Мұнан бөлек аулаларды көгалдандыру мен жарықтандыру да көзделіп отыр.
ТЕЗ БАЙЫП КЕТЕМІН ДЕП...
Пятница, 15 Апрель 2022 03:41немесе Шымкентте 11 207 адам қаржы пирамидаларынан зардап шеккен
Ақтөбе қаласында тіркелген «Выгодный займ» атты компания «Автокөлігіңізді нарықтағы құнынан 20 пайыз қымбатына сатып аламыз» деген хабарландыру таратқан. Қолындағы мүлкін нарықтағы бағадан қымбатқа сату мүмкіндігі бар болса, кім одан бас тартсын? Темір тұлпарын жақсылап пұлдағысы келген талай адам әлгі серіктестіктің бөлімшелеріне қарай бет алған. Тиімді келісімнің бір ғана нюансы бар еді: көлікті 20 пайыз қымбатына сатасың, бірақ, ақшасын қолма-қол емес, кейінірек аласың. Пайдаға кенелгісі келген жұрт бұған да келіскен.
ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫ ТҮПКІЛІКТІ ШЕШІЛЕДІ
Среда, 13 Апрель 2022 04:06Өткен жылы Шымкент қаласында 5 елді мекенге табиғи газ жеткізілді. Сондай-ақ, 3 магистралды газ құбыры мен №3 автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттің есебінен 6 миллиард 100 миллион теңге қаржы жұмсалған. Соның нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткіші 93 пайызға жетіп отыр.
КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНЕ КУӘЛІК ТАБЫС ЕТІЛДІ
Среда, 13 Апрель 2022 04:04Жаңадан жасақталған Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Онда кеңес мүшелеріне төсбелгі мен куәліктері салтанатты түрде табыс етілді. Қоғамдық кеңестің отырысына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысып, жаңа құрамның жұмысына сәттілік тіледі.
КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Среда, 13 Апрель 2022 04:00Шымкент қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына отбасында зорлық-зомбылық көрген және өмірлік қиын жағдайға тап болған 164 азамат көмек сұрап жүгінген. Олардың ішінде 84 адам, тарқатып айтсақ, 21 ана мен 63 бала дағдарыс орталығында уақытша жатын орынмен қамтамасыз етілген. Соның ішінде жағдайы тұрақтанған 10 әйел орталықтан өз еркімен шыққан. Орталық мамандары көрсеткен психологиялық көмек пен медиациялық қызметтің арқасында 9 отбасының ажырасуының алды алынып, әйелдер үйлеріне оралған.
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІНЕ АЙНАЛА АЛА МА?
Среда, 13 Апрель 2022 03:58Мемлекеттің қуаты да, дамудың қозғаушы күші де – адамдар. Иә, Сіз бен біз елдің байлығымыз. Сіздің адалдығыңыз, еңбекқорлығыңыз, белсенділігіңіз, біліміңіз бен біліктілігіңіз, жақыныңызға жасаған қамқорлығыңыз бен айналаңызға төккен мейіріміңіз, ал, ең бастысы, Сіздің өзіңізге, жақсылыққа және болашаққа деген сеніміңіз – Қазақ-станның нағыз байлығы осылар. Көптің бойындағы осындай ізгі қасиеттер топтаса келіп кәдімгі алып күшке, сарқылмайтын мол энергияға айналады. Егер осының бәрі болмаса, Қазақстанның қазба байлықтарының да, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінің де мәні болмайды.