ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУЫЛДАРДЫҢ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?
Среда, 27 Март 2024 05:21Абай ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан аумағы саналады. Ауданда 27 елді мекенде 55 159 үй, 205 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық, 1274 көшеде 230 әлеуметтік нысан орналасқан.
Наурыз айы келгенде, Наурыз тойын бергенде...
Среда, 27 Март 2024 05:15Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін шымкенттіктер ерекше атап өтті. Он күндік аясында салт-дәстүр, ұлттық ойындар мен киімдер дәріптеліп, үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсетілді. Газетіміздің оқырмандарына мереке мезеттерін ұсынып отырмыз.
«Айсәуле»: сұлулық пен саулықтың кепілі
Среда, 27 Март 2024 05:12Әйелдер үшін қанша жаста болса да сымбаты мен сұлулығын сақтап қалу – өте өзекті мәселе. Әдемілік үшін олар кез келген құрбандыққа баруға да даяр. Бірі беттегі қатпарларды ботокс жасату арқылы жасыруға тырысса, енді бірі әжімге қарсы крем қолданумен шектеледі. Өкінішке қарай, дүкендерде сатылатын косметикалық өнімдердің бәрі бірдей оң әсер бере қоймайды. Химия ғылымдарының кандидаты Сәуле МҰСАЕВА да осындай проблемамен бетпе-бет келді. Зерттеді, ұзақ ізденді. Нәтижесінде беттегі қыртыс-тыртысты кетіретін сиқырлы маска ойлап тапты. Оның сол ғылыми жаңалығы бүгінде отандық косметика шығаратын өндіріске айналып отыр.
ЕКІ АЙДА 982 ТҰТЫНУШЫДАН ӨТІНІШ ТҮСТІ
Среда, 27 Март 2024 05:09Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Сауда қызметін реттеу және тұтынушылырдың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет» тақырыбында баспасөз брифингі өтті. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Оспан Әбиев атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.
Мегаполисті ауыз сумен қамту мәселесі қандай болмақ?
Среда, 27 Март 2024 05:02Шымкенттегі Пазиков көшесінде 1 наурызда диаметрі 1000 миллиметрлік су құбыры жарылды. Осы апатқа байланысты қаланың бірнеше шағынаудандары – мыңдаған тұтынушылар сусыз қалды. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бұл жағдайға су құбырының ескіруі және коррозиясы себеп болған деп түсіндірді.
СОТ ТӨРЕЛІГІ ТӘУЕЛСІЗ ӘРІ БЕЙТАРАП БОЛАДЫ
Среда, 27 Март 2024 05:01Қазір елімізде ашық және әділетті қоғам құру басты назарда тұр. Мемлекеттің әлеуметтік рөлін және құқық қорғау әлеуетін нығайту мақсатында елімізде бірқатар құқықтық реформалар жүзеге асырылуда. Бұл реформалау процесінен сот жүйесі де қалыс қалған жоқ. Жалпы, сот жүйесіндегі реформалар, ең алдымен, сот төрелігін тәуелсіз де бейтарап және әділетті жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың судьяларға деген сенімін арттыруға бағытталған.
ЖЕМҚОРЛЫҚ БАЛ ЕМЕС, У ЖҰТҚЫЗАДЫ
Среда, 27 Март 2024 04:59Бүгінде бүкіл әлемге экономикалық қуатының мықтылығымен аты шыққан Сингапур мемлекетінің басшылығына Ли Куан Ю келгенге дейін әлемдегі тақыр кедей елдердің бірі еді. Өзінен шығып жатқан қазба байлықтары жоқ осы мемлекетті Ли Куан Ю ондаған жылдардың ішінде дүние жүзіндегі мықты елдердің қатарына қосты. Шетелден ірі инвестиция тартты. Ең бастысы елдегі сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шауып, оның орнына халықтың отаншылдық, еңбекқорлық сезімін оятты.
Театрлар тоғысқан күн
Среда, 27 Март 2024 04:55Шымкентте «Театр көктемі - 2024» І қалалық кәсіби театрлар фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Мегаполистің алғашқы театр фестиваліне театртанушы, әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова бастаған қазылар алқасы төрелік етуде.
Іс-шараның алғашқы күні Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Жұмат Шаниннің ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы келіп, әртістерді Халықаралық театр күнімен құттықтап, сәттілік тіледі.