Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту іс-шараларының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

161

Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап адам баласының маңдайына түрлі тағдыр жазылады екен. Бірі баршылықта дүниенің қиындығын көрмей өссе, екіншісі тумысынан тағдыр тәлкегіне ұшырап өмірдің қиындығына төзе алмай қаңғыбасқа айналып кетіп жатқандары да баршылық.

Соңғы күндері елімізде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирустың белгілерін анықтаған пациенттерге қалай әрекет ету керектігін еске салады.

БОЛАШАҚҚА НАҚТЫ ҚАДАМ

Среда, 20 Июль 2022 04:12

Елімізде жастардың кәсіптік білімді игеруіне, болашақта білікті маман болып қалыптасуы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашылды. Колледждерге берілген оқу гранттарының саны жыл сайын көбеюде. Биыл Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастыратын тізімге енген 23 колледжге жалпы 12 мың 137 орын беріліп отыр. Оның 1052 орны педагогикалық бағытта, 717 орны өнер және мәдениет бағытында, 1143 орны медициналық бағытта болса, 9252 орны, яғни оның 70 %-ы техникалық мамандықтарға берілген.

166

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Среда, 20 Июль 2022 04:10

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясы 200-ге жуық шымкенттік баланың жазғы демалысын көңілді өткізуіне мүмкіндік жасады. Компанияның демеушілігімен онда еңбек ететін қызметкерлер демалыстарында санаторийге жолдама алса, балалары жазғы лагерьлерде тегін демалуда. Бұл үрдіс компанияда 35 жылдан бері дәстүрге айналып келеді. Жаз маусымы басталғаннан бері «Машат» сауықтыру лагерінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясының қолдауымен 90 бала демалды.

153

11 ҚАТЫСУШЫНЫ АЙҚЫН ЖЕҢДІ

Среда, 20 Июль 2022 04:09

20 шілде – Халықаралық шахмат күні. Шымкентте атаулы күнге орай Visit Shymkent орталығы туристік индустрия өкілдерінің басын қосып шахматтан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер Гүлісхан Нахбаевамен бірсеанстық шахмат ойнау шарасы ұйымдастырылды.

152

Шымкент қаласының әкімі және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы Еңбекші ауданының жастарымен өтті. Кездесу барысында Еңбекші ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.

150

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті.

Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық ХҚКО-ларда көрсетілетін болады. Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыста болмауы жаңалық болып отыр. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді.

Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер – жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, жер учаскелерін көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және т.б.

Бүгінде Шымкентте жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 7 ХҚО-дан алуға болады.

Страница 8 из 567