ӘБІЛДА АЙМАҚТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

Пятница, 12 Апрель 2024 04:36 Автор
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын, халықаралық «Физули» сыйлығының иегері Әбілда Аймақтың 70 жылдығына орай «Мен шығармын шынында өлең деген» атты еске алу кеші өтті.
Өнерді сүйген адам ғана актерлікті мамандық ретінде таңдап, жүрегімен байлай алады. Себебі театр сахнасы – киелі. Сахнаның ішкі әлемі актерді өз киесімен тартып, өнер иесін өзіне баурап алады. Актерлік шеберлікке қызығушылығы мол жастар саны да жылдан-жылға артып келеді. Бұл – жақсы үрдіс. Біз театр мен…
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында «Қартқожа» деректі драмасының премьерасы өтті. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының репертуары қазақтың ұлы тұлғаларының, қоғам қайраткерлерінің шығармаларымен толықтырылып келеді.

«Театр – өнеге көзі, тәрбие ошағы»

Пятница, 05 Апрель 2024 06:31 Автор
Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Театр – өнеге көзі, тәрбие ошағы» атты өнер кеші өтті. Кешке студенттер, кітапхана оқырмандары, өнерсүйер қауым қатысты.
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Жарамазан жарасар дәстүріме» атты байқау өтті.
Осыдан 95 жыл бұрын ашылған Шымкент орыс драма театрының тағдыры оңай болған жоқ. Бірнеше рет жабылып, халық қажет еткен соң қайта ашылып жатты. Ал, қазір театр Игорь Вербицкийдің басшылығымен қалыптасудың жоғары деңгейіне көтерілгендей. Өйткені мұнда премьера күндері – аншлаг! Әсіресе, репертуардағы балалар қойылымдарына кей-кейде билет…

Фестиваль мәресіне жетті

Пятница, 29 Март 2024 05:08 Автор
Шымкентте тұңғыш рет ұйымдастырылған «Театр көктемі-2024» қалалық кәсіби театрлар фестивалі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған фестиваль аясында қаладағы театрлар көрермендерге түрлі қойылымдар ұсынып, зор қошеметке ие болды.

Театрлар тоғысқан күн

Среда, 27 Март 2024 04:55 Автор
Шымкентте «Театр көктемі - 2024» І қалалық кәсіби театрлар фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Мегаполистің алғашқы театр фестиваліне театртанушы, әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова бастаған қазылар алқасы төрелік етуде. Іс-шараның алғашқы күні Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Жұмат Шаниннің ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Іс-шараға қала…
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген халық нақылы бекер айтылмаса керек. Елі үшін еңбек етіп, ғибратты ғұмыр кешкен Өзбекәлі Жәнібеков шынында да қазақ елі аман-сау тұрғанда арымайтын, уақыт жылжып, ғасыр өткен сайын елінің дара азаматы болып қала беретін ұлтымыздың ұйытқысы екені хақ.
Қолына қалам ұстап, ой тербеп, ұлтқа қызмет еткен қаламгерлердің еңбегі лайықты бағаланса ғой. Әдебиет үшін өмірін арнап, әлі құрығанша күрескен жансебіл қаламгердің еңбегі — сол ұлттың алтын діңгегі. Сәрсен Бек Сахабат солардың бірі де бірегейі.