89-шы МАУСЫМ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:25 Автор
Жаздың соңғы айы театр әлемінде шығармашылық ұжымды жаңа белестерге жетелейтін, шығармашылық жетістіктерге үміттендіретін, жүрекжарды қуаныштарға бөлейтін, сағынысқан көрермендерімен қауыштыратын, кезекті шымылдық түрілетін жаңа маусым кезеңі.

Шындықты айтсаң, іркілме...

Пятница, 09 Сентябрь 2022 08:13 Автор
Көзі тірісінде-ақ «Басшы болсаң, Асакеңдей бол!» деп аты аңызға айналған көрнекті қоғам қайраткері, заңғар тұлға Асанбай Асқаровтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Рухы биік азамат ширек ғасырдан астам Жамбыл, Алматы, Шымкент облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшылық қызметін абыроймен атқарды. Үш өңірдің өсіп-өркендеуінде Асанбай Асқарұлының…

Жеңімпаздар – «Бақытты қалада»

Пятница, 26 Август 2022 05:09 Автор
Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Бақытты қалаға саяхат» байқауының кезекті жеңімпаздарын қарсы алды.
Шымкентте гид-экскурсоводтар қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру бойынша семинар-тренингтен өтпек. Бұл туралы Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпарттық орталығының ұйымдастыруымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Аллажар Сапархан – қаладағы №65 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы. Домбыраны жанына серік еткен бала ақын Алаштың арда ұлы – А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында өткен «Салт-дәстүрдің саңлағы һәм ұлт ұстазы» атты жас ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алды.

«Шымкент цирк» топ жарды

Среда, 17 Август 2022 04:17 Автор
«Азия жаңғырығы» XIII халықаралық цирк өнері фестивалінде «Шымкент цирк» мемлекеттік мекемесінің «Тұран» командасы алтын медаль жеңіп алды. 10-14 тамыз аралығында «Астаналық циркте» өткен фестивальге Қазақстанның үш қаласы мен әлемнің 12 елінен өнерпаздар қатысты.
Шымкентте «Күміс домбыра» байқауы өтті Шымкентте жас ақындар арасындағы республикалық өнер бәйгесі мәресіне жетті. Биыл қазақтың ұлы ағартушысы Абай күніне орайластырылған жыр додасын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ашық аспан астында өткен жыр додасында айтыскерлермен қатар жазба ақындардың да үздіктері анықталды. Әдебиет әлемінде жас дарындарға жол ашу мақсатында қолға алынған мүшәйрада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Алдияр, Қаратау дәстүрлі өнер…
Шымкент қаласының Орталық саябағында Асанбай Асқаров атындағы шахматтан қалалық BI CHESS рейтингілік турнирі өтті. Тағылымды іс-шараны бүкіләлемдік шахматшылар күні қарсаңында BI group компаниясы ұйымдастырды.

Сыйға толы 88-ші маусым

Среда, 13 Июль 2022 10:57 Автор
Ж.Шанин атындағы академиялық драма театры кезекті 88-ші маусымын сүбелі жеңісімен, жаңа қойылымдарымен жапты. «Сексеннің сеңгірін игеріп жатқан театрдың кезекті маусымы несімен есте қалды?» деген заңды сұрақ туындайтыны анық. Сөзіміздің әлқиссасын театрымызға көркемдік жетекші болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаевтың тағайындалғанынан бастаған жөн болар. «Білмейтін…