Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театры» гастрольдік сапарын Шымкент қаласынан бастады. Өнер ұжымы 10-14 наурыз аралығында шымкенттік көрермендерімен қауышып, театр сүйер қауымның назарына 5 бірдей қойылым ұсынды. Гастрольдік сапар театрдың 15 жылдығына орай басталып отыр.

Оңтүстіктің қос батыры

Среда, 16 Март 2022 04:22 Автор
Шымкенттегі отбасылық кітапханада жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында генерал-майор Сабыр Рақымовтың 120 жылдығы мен Кеңес Одағының батыры Тоғанбай Қауымбаевтың 100 жылдығына орай кеш ұйымдастырылды.

ҚАРА ШАҢЫРАҚТАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ

Среда, 16 Март 2022 04:19 Автор
Жуырда шымкенттік театр сүйер қауымға ақжарылқап жақсы жаңалықтар жетті. Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әртісі Нұржамал Қаламбаева халықаралық театр сыншылары бірлестігінің ұйғарымымен «Эпизодтық рольдегі жыл актрисасы» номинациясы бойынша марапатталды.
Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры — Шымкенттегі өнер ордаларының қарашаңырағы. Биыл қазақтың ұлттық кәсіби театрының негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, режиссер, драматург Жұмат Шаниннің туғанына – 130 жыл. Алаштың арда ұлының ұлт үшін еткен еңбегі мен төккен тері бүгінгі қазақ театрының қалыптасуындағы алғашқы қадам…
Драматург жазған пьесаны қоюшы режиссер сахнада сөйлетеді. Алайда, режиссер ойлаған образдың ашылуы мен оның көрерменге жетуі суретші қиялының ұшқырлығына тікелей байланысты. Газетіміздің тұрақты айдарының бүгінгі кейіпкері — Жаһангиров Сайдсұлтан Бақтиярұлы.

Үзілмеген «Медея майданы»

Среда, 09 Февраль 2022 03:42 Автор
Адам адамға жау болған, Қауіп-қатерлі, жұртты үрей билеген, Қанды шайқастардан ел көзін бір ашпаған, Қазіргі мына заманнан сыр шертеміз, көрсетеміз... Мыңдаған жылдар бұрын Эврепид жазған Медеяның махаббат жолындағы зұлымдығы еш үзілмей келе жатыр. Ғасыр жаңарған сайын, тәсілі де жаңарып, жоғалудың орнына өршіп жатыр. Неге?..
Шымкент — мәдениет ордасы. Бүгінде мегаполис тұрғындары үшін онға жуық театр ұжымы қызмет етіп, түрлі жанрда қойылымдар ұсынып келеді. Осындай өнер ұжымының бірі — Шымкент қалалық өзбек драма театры. Жуырда театрдың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында мекеме директоры Мирвахид Мырсабырұлы МИРАЗИЗОВПЕН сұқбаттасудың сәті түскен еді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ОҚМПУ 80 жылдығы және «Қазығұрт» фольклорлық ансамблінің құрылғанына 25 жыл толуына орай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Жаңғырған Қазығұрт» атты салтанатты мерейтойлық концерті өтті.
Поэзия сүйер қауым «Шам жарығындағы кездесуде» бас қосты. Шабыттары шарықтап, арман жолында мазмұнды өлең жазуды мақсат тұтқан жастар биыл 5 жылдығын атап өтуде.

РЕЗОНАНС ТУДЫРҒАН ҚОЙЫЛЫМ

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:30 Автор
Театр — ұлт тәрбиесінің жаршысы. Себебі, театрға ақыл айтып, тәрбиелеу тетігі берілмесе де, қоғамдағы түйткілді тақырыптарға түрен салып, ықпал ету мүмкіндігі бар. Жуырда Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры жас драматург Қ.Мұраттың «Мұғалім» пьесасы негізінде «Мектеп» драмасын сахналады.