Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Шымкент қаласының энциклопедиясы» қамтитын мәліметтерді саралау жиыны өтті. Басқосуға Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов, энциклопедияны құрастырушы редактор М.Әбдәкімұлы, жазушы М.Байғұт, ОҚМПУ ректоры Г.Сүгірбаева және зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Тағдырыма тәнтімін»

Среда, 10 Ноябрь 2021 04:23 Автор
Шымкенттегі филармония ғимаратында еліміздегі тұңғыш зағип тележүргізуші ретінде Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына және «Алтын кітабына» енген, арнайы төсбелгі иемденген ақын, «Ғани Мұратбаев сыйлығының» иегері Ербек Бакиевтің «Тағдырыма тәнтімін» атты поэзиялық жыр кеші өтті.

ЖАС ВОКАЛИСТЕР ДОДАҒА ТҮСТІ

Среда, 03 Ноябрь 2021 04:34 Автор
Шымкентте тұңғыш рет жас вокалистердің ашық байқауы өтті. Байқау ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Вокал академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі жанындағы Жастар қанатының Шымкент қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық саз колледжінде өтті.
«Қыз Жiбек» қазақтың тұңғыш операсы екенiн жұртшылық жақсы бiледі. Ғасырға жуық уақыт өтсе де халық «Қыз Жiбегiнен» жалыққан емес. Кезiнде мәскеулiктердiң өзi қазақтың «Қыз Жiбегiне» бас иген. Шымкент қалалық опера және балет театры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын қайта жаңғыртып, көрермен назарына…

Шаниндіктер шыққан белес

Среда, 27 Октябрь 2021 03:52 Автор
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен өмірін театр өнеріне арнаған айтулы сыншы Ә.Сығайдың мерейтойының сәйкес келуін табиғи үндестік деп бағаласа болады. Себебі, Ә.Сығай – құрсауы мықты кеңес дәуірінің пәрменінен қаймықпай, сахна шындығы жолында шарқ ұра жанталасып, өнердің шамшырағы болған қайраткерлеріміздің бірегейі.

Парасат биігіндегі жан

Пятница, 22 Октябрь 2021 04:08 Автор
Жуырда Оңтүстік өңірінің жұртына комсомол, партия ұйымдарында ұзақ жылдар абыройлы қызмет еткен мемлекет және қоғам қайраткері Дүйсенкүл Боповаға арналған естелік-жинақ жарық көрді.

Театр жаршылары

Пятница, 22 Октябрь 2021 04:05 Автор
Театр ұжымдарында сіз бен бізге беймәлім жұмыс күші жетерлік. Біз бүгін театрсүйер қауымды ақпараттандырып, оларды әр қойылымға үлкен дайындықпен шақырып жүрген Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының Ақпарат және жарнама бөлімінің жұмысымен таныстырмақпыз.
Бүгінде әдебиеттен алыстап бара жатқан қауымды қызықтырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру өте өзекті болып отыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы кітапхананың бастамасымен «Кітап оқитын Шымқала» буккроссинг іс-шарасы өтті.
«Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,Подвалдағы архивтен табылармыз...» деп кеңестік тоталитарлық жүйенің бұғауын бұза алмай, арман-шері ішінде кеткен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл толды. Тәуелсіздіктің, азаттықтың арқасында ақынның тұлғасы мен мол әдеби мұрасы «шаң басқан архивтерден» шығып, төрден орын алғаны баршаға мәлім.…

Бүлдіршіндер ертегілер елінде

Пятница, 15 Октябрь 2021 06:26 Автор
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мегаполис театрлары бүлдіршіндерді қуантуға кірісіп кетті. 13 қазан күні «Ертегілер еліне қонақта» іс-шарасының аясында Шымкент қалалық орыс драма театры, әзіл – сықақ және сатира театры, қуыршақ және жасөспірімдер театрының өнерпаздары балабақшаларға барды. Шымкент қалалық әзіл – сықақ және сатира театры…