Қала бюджетi нақтыланды

Пятница, 30 Январь 2015 05:45 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4859 раз

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы өтіп, бірқатар мәселелер қаралды.

DSC 0401Алдымен  Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімін тағайындау туралы сөз болды. Қала әкімі Дархан Сатыбалды бұл қызметке Ғалым Исмаиловтың кандидатурасын ұсынды. Ғалым Ыбырайұлы бұған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған, қала шаруашылығымен жіті таныс. Сол себептен, депутаттар бұл тағайындауға келісімін берді. Одан кейін Дархан Амангелдіұлы Ғ. Исмайловтың босаған орнына  жаңа орынбасар тағайындау мәселесін көтерді. Жаңа қызметке ұсынылған азамат – Нұртаев Қайрат Ырзақұлұлы. Мемлекеттік қызмет саласының бірқатар баспалдақтарынан өткен. Соңғы жұмыс орны ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. Қайрат Ырзақұлұлы депуттардың қолдауына ие болып, қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Облыс әкімінің аппарат басшысы Байділдә Жылқышиев те жаңадан тағайындалған  азаматтарға сенім білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Төреайым Сұлтанова жетекшілік еткен сессия барысында қаралған мәселенің бірі – Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы «2015- 2017 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова бюджетті нақтылау бойынша жобаны баяндады. Облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес, 2015- 2017 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетіне өзгерістер енгізілген. Қалалық мәслихат депутаттары нақтыланған қала бюджетін бірауыздан қолдады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.