Версия для печати

Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз!

Среда, 19 Апрель 2023 09:36 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 13870 раз
Оцените материал
(0 голосов)

2022 жылы зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ оларды алуға уақытылы жүгінбеген 7 мыңға жуық адам зейнетақы төлемдерінеие болды.Оның 4,5 мыңы – әйелдер, 2,5 мыңы – ер адамдар. Бұл БЖЗҚ-ның жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес Акционерлік қоғамымен бірлесіп, зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар,бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын, бірақ төлем алуға Қорға өтініш білдірмеген адамдарды анықтау тұрғысынан жүргізетін салыстырып тексеру нәтижесінде жүзеге асты.

Бұл қызметті Мемлекеттік корпорация аталған санаттағы 24 мың адамға проактивті форматта көрсетті.

 

Сонымен қатар БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациясымен өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша алушылардың көрсетілген санатына электрондық пошта және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының телефон нөмірлері арқылы қосымша таргеттелген ақпарат беру туралы шешім қабылдады.        

Таргеттелген ақпараттандыру нәтижесінде Қор 20 мыңға жуық зейнетақы төлемдерін алушыларды хабардар етті.

БЖЗҚ зейнетақыны алуға уақытылы жүгінуді ұсынады және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне белгіленген кесте бойынша зейнет жасына толған адамдардың: ерлер – 63 жасқа толғанда, әйелдер – 61 жасқа толғанда (2028 жылға дейін), сондай-ақ, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе бірінші және екінші топтағы мүгедектердің құқылы екендіктерін хабарлайды. Бұл ретте, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылатынын атап өтеміз.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін:

зейнет жасына толғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне жүгіну қажет;

мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектікпен – тікелей БЖЗҚ кеңсесіне хабарласуға не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинетте тиісті өтініш беруге болады.

Толық ақпаратты Қордың кеңселері немесе интернет-ресурстарынан, сондай-ақ, 1418 тегін нөмірі бойынша алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.