21,7 млн. доллар грант бөледi

Пятница, 06 Февраль 2015 06:38 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3394 раз

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша грант туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

1153446879Келісімге сәйкес,  Халықаралық Қайта құру және Даму банкі Қазақстанға энергия тиімділігін арттыру бойынша 21,7 млн. доллар грант бөлмек.
Жоба инвестициялық және техникалық көмек көрсету секілді екі құрамдастан тұрады. Оның біріншісі мемлекеттік және әлеуметтік нысандардың энергия тиімділігі бағытындағы инвестициялық тартымдылығын 17,7 млн. долларға дейін арттыру көзделген. «Жобаның мақсаты – мемлекеттік және әлеуметтік нысандардағы энергия тиімділігін жақсартуға, энергиятиімділік бағытында қаржыландыру жүйесін құруға бағытталған», – дейді Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау.
Жобаның аяқталу мерзімі 2017 жылдың 30 маусымына дейін. Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік әлеуметтік нысандарға алдыңғы қатарлы технологиялар енгізіледі әрі энергия тиімділігі арқасында қаражаттар үнемделеді.

Последнее изменение Понедельник, 09 Февраль 2015 09:52
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.