Құрылыс материалдары Шымкентте шығарылады

Пятница, 20 Февраль 2015 05:51 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 7339 раз

Бүгінгі таңда елімізде отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі артып келеді.

DSC 0054Құрылыс қарқыны бәсеңдемеген Шымкент қаласы үшін  отандық өнімдердің маңызы зор. Осы орайда, «АРТ – Құрылыс» ЖШС-і сапалы өнімдері сұранысқа ие болуда.
Құрылыс материалдарын, су шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтар шығаратын және үй, жол салу құрылысын жүргізетін бұл кәсіпорынның тұсауын Елбасы кескен болатын. Сонысымен де  танымал, сапалы қызметтерімен де әйгілі. Бұл кәсіпорында темір-бетон бұйымдарының 100-ге жуық түрі шығарылады: автокөлік және темір жолдарға, ғимараттарға, коммуникацияға және ирригациялар мен мелиорацияларға арналған темір-бетон бұйымдары.  Жұмысшылар саны – 200 адам. Шикізат өзіміздікі. Шығарылған өнімдер де елдің түкпір-түкпіріне жөнелтіледі.
Құрылысы қайнап жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізін салуға керекті құрал-жабдық та осында шығарылады. Кәсіпорын өнімдері Түркістан, Қызылорда, Ташкент, Тараз бағыты бойынша көлік дәлізі құрылысына пайдаланылуда.  
– Облыста көптеген тұтынушылар  құрылысқа қажетті құрал-жабдық іздеп біздің мекеменің есігін қағады. Бұл – шындық. Өйткені, біз жақсы сапада, өзінің жобасы бойынша ұсынамыз. Әрі бағасы да қолжетімді. Құрылыс саласын отандық өніммен қамтуға үлес қосудамыз. Осы орайда құрылыс жүргізушілерді отандық өнімдерді қолдануға шақырар едім», дейді «АРТ – Құрылыс» ЖШС-нің директоры  Оразбай Төлегенұлы.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.