178 миллион 860 мың теңгенiң мүлкi жария етiлдi

Пятница, 03 Апрель 2015 06:01 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4792 раз

Мүлікті заңдастыру жұмыстары басталғалы бері Әл-Фараби ауданы әкімдігінде 40 өтініштің  14-і заңдастырылып, жария етілді. Ал, екі құжатты комиссия мүшелері толық болмауына байланысты кері қайтарды. 21 өтініш қараудан бас тартылды.

mortgage stratЖылжымайтын мүлікті жария етуден бас тартудың себептері: қаланың бас жоспарына сәйкес келмеуі, құрылыс регламенттеріне сай болмауына және құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердің құжаттарына байланысты. Заңдастыруға келген тұрғындардың басым бөлігінде құжаттар  толық емес екен. Комиссия хатшысы Дәурен Шынтасовтың айтуынша, заңдастыру жұмыстары басталғалы бері  500-ге жуық азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Бұл ретте аудан аумағына жаңадан қосылған «Тассай», «Достық», «Таскен», «Мәртөбе» елді мекендерінің, «Бозарық» шағынауданының  тұрғындары көптеп келуде. Олар тарапынан комиссия мүшелеріне қойылатын сауалдар аз емес екен. Жалпы, жұртшылықтың көбі жеке тұрғын үйін  және баспанасының  қасында салынған дүкен, гараж сынды қосалқы ғимараттарды заңдастыру мәселесімен келуде. Жалға алынған жер теліміне салынған ғимараттарды заңдастырмақ болғандар да бар.
Айта кетейік, мүлікті жария ету жөніндегі комиссия заң талаптарына сәйкес, мүлікті жария ету субъектісінің өтінішін берген күннен бастап 30 күн ішінде қарап, шешім қабылдайды. Құжаттар үш аудан әкімдіктерінде  дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін) қабылдануда.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.