542 миллион 675 мың теңгенiң мүлкi жарияланды

Пятница, 10 Апрель 2015 05:09 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4075 раз

Абай ауданы әкімдігіне мүлікті жария ету науқаны басталғалы бері 784-ке жуық аудан тұрғындары келіп, тиісті ақпараттар алған. Бүгінгі таңда комиссия мүшелері тарапынан 121 өтініш қабылданыпты.

news 27112012 137737Ал, 55 өтініш қаралып, құны – 542 миллион 675 мың теңге болатын мүлік жария етілді. 50 өтініш бойынша мүлікті жария етуден бас тартылған. Ал, 2 өтініштің құжаттары кері қайтарылған. Қалған 14 өтініш белгіленген тәртіппен комиссия тарапынан қаралуда.
Мүлікті жария ету науқаны биылғы жылдың 30 қарашасында аяқталады. Сондықтан, әкімдік жанынан арнайы құрылған комиссияның хатшысы Меруерт Туткишбаева тиісті құжаттарын түгелдеп, мүмкіндікті пайдалануға шақырады. Құжаттар Тәуке хан даңғылы №3 үйде қабылданады. Сондай-ақ, 30-01-57 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.