ЭКСПО құрылысына Оңтүстік тауар өндірушілері қатысады

Пятница, 31 Июль 2015 05:49 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4676 раз

«ЭКСПО-2017» көрмесінің нысандар құрылысына Қазақстанның барлық облыстары қатыса алады. Осыған орай, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшылығы оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлермен кездесіп, ынтымақтасуға болатын жолдарды талқылады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» баспасөз қызметінен хабарланды.

Еліміздің ең ірі нысанын салу барысында Қазақстанның шағын және орта бизнесіне ұсынылған мүмкіндіктерді талқылауға құрылысты жүргізіп жатқан бас мердігерлері – «Сембол Иншаат», «Базис ҚК», «АБК Құрылыс», «Mabco constructions S.A.», «АДС» компанияларының өкілдері де қатысты.
«Нысандарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланып отыр. Әрине, цемент, металл құрылмалары және тіреуіштерді оңтүстік өңірлерден жеткізу өте қиын. Дегенмен ішкі жұмыстарды жүргізуге арналған көптеген материалдар Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі», – деп атап өтті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмаз Жаманбеков.
«Оңтүстік Қазақстан облысы әдеттегі құрылыс материалдарына қоса, композиттік арматура, қыштан жасалған гранит және тас, травертин, энергия үнемдеуіш шынылар секілді құрылыстың ішкі жұмыстарын жүргізу кезінде қажетті материалдарды өндіреді. Аймақта қазірдің өзінде жоғары сұранысқа ие болып отырған бірқатар инновациялық құрылыс материалдары өндірілуде», – деді «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер аймақтық палатасының өкілі Махаббат Кабираева.
Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысынан барлығы 20-дан аса жеткізуші компания қатысты. 2015 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша қол қойылған меморандумдардан бөлек көрме нысандарының құрылысына осы аймақтағы 2 отандық тауар өндіруші – трансформаторлық жабдықтың жетекшісі өндірушісі «Кентау трансформатор зауыты» АҚ және болат прокатын өндіруші «FerrumCorp» ЖШС тартылып отыр. Келісімшарттардың жалпы сомасы 15,9 млн.теңгені құрады.
«Қазіргі таңда ЭКСПО-2017 нысанына шамамен 100 трансформатор қажет. Ақшаға аударсақ, бұл 300 млн. теңгеге жуық қаржы. Ал біздің кәсіпорын құрылыс алаңына сапалы материалдың осындай көлемін жеткізуге дайын. Осы жобаға қатысу үшін біз арнайы дайындалып, трансформатордың жаңа түрін өндіруді игеріп, португалиялық компаниямен ынтымақтаса жұмыс жасадық», – дейді Кентау тнасформатор зауытының басқарушы директоры Еркебұлан Ильясов.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.