Индустриалды аймақтардың әлеуетi үлкен

Пятница, 07 Август 2015 05:46 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 6952 раз

«Оңтүстік» индустриалды аймағында жалпы құны 77, 2 млрд. теңгені құрайтын 73 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы «Оңтүстік-ақпарат» орталығында өткен брифингте индустриалды аймағының директоры Мұхтар Тұрабеков мәлім етті.

 MG 0386 32Ал былтыр 14 жоба жүзеге асырылып, 961 жұмыс орны ашылған.
– 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін облысымызда жалпы аумағы 1431 гектарды құрайтын 19 индустриалды аймақ ашылды. Онда 148 жоба жүзеге асып, 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 70 пайызға жоғары. Кәсіпкерлер өндірген тауарлардың жалпы құны 48 млрд. 540 млн. теңгені құрады. Ал өнім өндіру үшін тауарлар мен қызметтерді сатып алу құны 22 млрд. теңгеге жетті және 10 млрд. 570 млн. теңге жалақы төленді. «Оңтүстік» индустриалды аймағы еліміз бойынша алдыңғы қатарда, – дейді Мұхтар Тұрабеков.
Жалпы көлемі 292 гектарды құрайтын «Бадам», «Қазақ-түрік», «Тассай» индустриалды аймағындағы өндірістік алаңдарының құрылысы биыл аяқталмақ. Оларға тартылған жеке инвестиция көлемі 82 млрд. теңгені құрап отыр.
Сондай-ақ М. Тұрабеков Қазақ-түрік серіктестігімен қатар Қазақстан-Қытай индустриалды аймағын құру үшін Хэбэй, Шаньси, Шаньдун провинциясында Қытай халықаралық сауда палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын жеткізді. Бұдан бөлек Арыс қаласы, Сайрам, Сарыағаш, Отырар, Төлеби, Ордабасы аудандары мен Шымкент қаласы маңындағы агро-индустриалды аймағының жобасы әзірленуде.
Биыл 1,3 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Ал 2016-2017 жылдары 56,5 млрд. теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.