×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Барша қиындықты бiрге еңсеремiз Избранное

Пятница, 11 Сентябрь 2015 04:56 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4809 раз

Жәрмеңкелер жұрт қажетiне жарап тұр

jarmenke jurt kajetine 37Жуырда Елбасы Н.Назарбаев астықты өңір Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Міне, сол сапарында Елбасы Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдерімен кеңес өткізіп, дағдарысқа қатысты келелі мәселелерді қозғады. Бұл орайда, Мемлекет басшысы әкімдерден халыққа шындықты айтуды, адамдармен тура және ашық сөйлесуді талап етті.

«Барша қиындықты бірге еңсереміз. Халқымыз қамтамасыз етілуі үшін мемлекет барлық қажетті жұмыстарды жасап жатқандығын түсіндіріңіздер», – деді Елбасы әкімдерге қаратып айтқан сөзінде. Сондай-ақ Елбасы елімізде тыныш өмір сүріп, еңбек ету үшін барлық мүмкіндік бар екенін, қазіргі кезеңде отандық тауар өндірушілердің алдында үлкен жауапкершілік тұрғандығын қадап айтты. «Негізгі тірек – ол сіздер. Осы орайда сіздерге  халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Аграрлық өнім өндіру саласында ветеринарлық, сақтау, логистикалық қызмет нашар дамыған. ДСҰ талаптары бойынша ветеринариясыз мал шаруашылығы өнімдерін ешқайда сата алмайсыз. Сондықтан, малдың амандығы үшін ветеринарияны қолға алыңыздар. Біз ең таза экологиялық өнім бізде деп айта аламыз. Батыс елдерінде қолданылатын симуляторларды бізде қолданбайтынын бүкіл әлем айтады», – деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы қазақ-стандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты үшін зор әлеует бар екендігін айтты. «Егер таяу жатқан көршілердің сұранысын қарайтын болсақ, ол 210 млрд. теңгені құрайды. 20 млрд. доллардың өнімін экспортқа шығара аламыз. 4,5 млрд. доллар – бұл ішкі ресурс, ішкі нарықта да сатуға болады. Яғни, дұрыс нарық бар. Бұған қоса, біз әзірше осынау зор әлеуеттің шағын ғана үлесін пайдаланудамыз», – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы солтүстік өңірге жасаған сапары барысында айтып өткендей халықты қамтамасыз ету үшін облыс орталығы Шымкентте де барлық жағдай жасалуда. Әсіресе, тұрғындардың қажетті азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен алуына мүмкіндік жасалып, демалыс күндері жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, арнайы құрылған штаб тұтынушылармен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Бұл мәселені қала әкімі Ғ. Әбдірахымов өз бақылауына алған.
Азық-түлік өнімдерінің негізсіз көтерілгені жөнінде күні бүгінге дейін тұтынушылар тарапынан арыз-шағым түспеген. Бұл жөнінде бізге Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімі сауда секторының меңгерушісі Қайрат Базарбеков мәлім етті. Еске сала кетейік, бүгінде қаладағы әрбір аудан әкімдіктерінің жанынан экономиканы қалпына келтіріп, әлеуметтік шиеленістердің алдын алатын арнайы топтар құрылған. Тұтынушылар тарапынан айтылған арыз-шағымдарды тіркеуге алу үшін сенім телефоны жұмыс істейді. Штабты құрудағы негізгі мақсат – Елбасы тапсырмасымен азық-түліктің және тұрмысқа қажетті тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу. Өз кезегінде, мұндай қарекет еліміздің жаңа экономикалық саясатқа көшу тұсында жағдайды қалыпты ұстауға мүмкіндік бермек. Штаб құрамында ауыл шаруашылығы, экономика, кәсіпкерлік, энергетика, ішкі саясат бөлімінің, ұлттық банк, статистика, монополияны реттеу саласының, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері бар.
Сала мамандарының берген мәліметінше, қазіргі таңда Шымкент қаласы аумағындағы ірі-ірі 11 базардың жанынан әлеуметтік сауда қатарлары ұйымдастырылған. Мұнда тұтынушылар жергілікті тауар өндірушілер ұсынған қажетті азық-түлік өнімдерін бастапқы төмен бағада ала алады.
– Арнайы штаб мүшелерінің тарапынан барлық әлеуметтік маңызды тауарларға баға мониторингі жүргізілуде. Күні бүгінге дейін бағаны негізсіз көтеру дерегі орын алған жоқ. Қазір біз қымбаттауы мүмкін деген сырттан әкелінетін өнімдерге талдау жүргізудеміз. Қордағы тауар жеткілікті. Сондықтан, алаңдауға негіз жоқ, – дейді Қайрат Базарбеков.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен әр сенбі сайын Қажымұқан атындағы орталық стадион маңында ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік және күнделікті тұтыну тауарларын өндірушілердің қатысуымен әмбебап жәрмеңке ұйымдастырылуда. Өткен сенбіде өткен жәрмеңкеге Отырар, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өз тауарларын шымкенттіктерге ұсынған болатын. Аталған аудандардың әрқайсынан 10 тонна көкөніс, 3 тонна ет, 2 тонна картоп, және 1 тоннадан кем емес жеміс-жидек пен сүт өнімдері жеткізіліп, облыс орталығының тұрғындарына жеңілдетілген бағада саудаланды. Енді алдағы 12 қыркүйек күні өтетін жәрмеңкеге Арыс қаласының және Сарыағаш, Шардара аудандарының диқандары мен шаруалары қатысады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетелік, егер сіз қандай да бір азық-түлік өнімінің негізсіз көтерілгеніне куә болсаңыз, қалалық штабтың 8(7252) 53-65-01 немесе 53-74-04 сенім телефоны нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.